Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch EasyLevel Originalbetriebsanleitung Seite 256

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
256 | Қазақ
Лазер сызығы арқылы туралау (сызықтық жұмыс
режимі)
Өлшеу құралын үш жанасу нүктесімен (6) қабырғаға
қойыңыз немесе оны магнитпен (9) ұстағышқа (14)
немесе басқа магниттік бетке бекітіңіз.
Көлденеңінен туралау (C−D суреттерін қараңыз):
өлшеу құралының алюминий жанасу беті (2) төмен
қарап тұруы тиіс. Өлшеу құралын ватерпастың (4)
көмегімен көлденеңінен туралаңыз. Көлденең лазер
сызығының бойымен, мысалы, сурет жиектемелерін
немесе текшені туралауға болады.
Нұсқау: лазер сызығының көмегімен көлденеңінен
туралауды тек өлшеу құралы қойылған жазықтықта
орындауға болады. Өлшеу құралы ватерпастың
көмегімен де тураланған жағдайда, лазер сызығы
көлденең қабырғада міндетті түрде көлдеңінен
өтпейді және сондықтан нивелирлеу үшін жарамайды.
Тігінен туралау (D суретін қараңыз): сызықтық жұмыс
режиміне арналған лазер шығару саңылауы (5) жоғары
қарай, ал өлшеу құралының алюминий жанасу беті (2)
бүйірге қарап тұруы тиіс. Өлшеу құралын ватерпастың
(3) көмегімен тігінен туралаңыз. Тік лазер сызығының
бойымен, мысалы, жоғарғы және астыңғы шкафтарды
туралауға болады.
Бастапқы нүкте бойынша туралау (E суретін
қараңыз): лазер сызығын бастапқы нүкте бойынша
туралау үшін өлшеу құралын кез келген бұрышқа
бұраңыз. Осылайша, мысалы, сурет жиектемесін
сатыға немесе шатырға параллель етіп ілуге болады.
Биіктіктерді лазер нүктесі арқылы көшіру/тексеру
(нүктелі жұмыс жұмыс режимі) (F суретін қараңыз)
Өлшеу құралын ұстағышқа (14) салып, оны
көлденеңінен туралаңыз.
1 609 92A 8KK | (24.02.2023)
Bosch Power Tools

Werbung

loading