Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GSL Professional 2 Originalbetriebsanleitung Seite 136

Oberflächenlaser
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GSL Professional 2:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-1545-006.book Page 136 Tuesday, June 3, 2014 4:54 PM
136 | Қaзақша
Автоматты өшуден соң өлшеу құралын қосқыш/өшіргіште
8 өшіріп, керек болса, қайта қосыңыз.
GSL 2 Set: Автоматты өшуден соң өлшеу құралын басқару
құралында кез келген пернені басып қайта қосу мүмкін.
 Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Рұқсат етілген ең жоғары 50 °C температурасынан
асқаннан соң лазер диодын қорғау үшін құрал өшеді.
Суығаннан соң өлшеу құралы қайта қосылуы мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану: Литий иондық аккумулятор
„Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы терең
зарядсызданудан қорғалған. Аккумулятордың тогы бітсе,
қорғау жүйесі өлшеу құралын өшіреді.
Егер өлшеу құралы аккумулятор заряды ада болғандықтан
өшсе, онда оны қосқыш/өшіргішпен 8 өшіріңіз. Өлшеу
құралын қайта қосу алдында аккумуляторды зарядтаңыз.
Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Өлшеуқұралын нивелирлеңіз
Нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу
аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді.
Лазер сызықтары басқа қозғалмаса нивелирлеу аяқталды.
Автоматты нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы өлшеу
құралы көлденең сызықтан 4° көп ауған болса, лазер
сызықтары жыпылықтайды.
Өлшеу құралын көлденең қойып, өз нивелирлеу
аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° өз нивелирлеу
аймағында тұрса лазер сәулелері қайта үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді.Жаңа
нивелирлеуден соң екі лазер сызығының негізгі нүктені
қаптауын („Өлшеу құралын биіктікте бағыттау" 136
бетінде қараңыз) тексеріп, биіктік қателігінің алдын
алыңыз.
Өлшеу құралын биіктікте бағыттау
Өлшеу құралы екі лазер сызығын шығарады, олар өлшеу
құралынан шам. 50 см қашықтығынан бастап еденде
көрінеді. Сызықтар осы еденде көріністі бастаған негізгі
нүктеде қапталуы қажет. Ол үшін биіктікті реттеу
аспабындағы түймені 9 сағат тілімен немесе тіліне қарсы
лазер сызықтары негізгі нүктеде қапталып бір ғана сызық
көрінгенше бұраңыз.
Егер екі лазер сызықтары биіктікті реттеу аспабын бұрау
арқылы қапталмаса, онда өлшеу құралы еден аймағынан
тым жоғары немесе төмен орналасқан. Өлшеу құралын
биіктіктер айырмашылығы кем болған басқа нүктеде
орналастырып лазер сызықтарын бір бірімен қаптаңыз.
Басқару құрылғысын іске қосу (GSL 2 Set)
 Басқару құрылғысын сыздан және тікелей күн
сәулелерінен сақтаңыз.
 Басқару құрылғысына айрықша температура
немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс.
Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
Үлкен температура тербелулері жағдайында алдымен
1 609 92A 0L2 | (3.6.14)
басқару құрылғысының температурасын дұрыстап соң
пайдаланыңыз.
Батареяда жетерлік кернеу болса басқару құрылғысы
жұмыс істеп тұрады.
Басқару құрылғысының сигналдары қабылдау линзасына
4 тікелей бағытта алдынан және жоғары қисық жайдан
түсуі керек. Егер басқару құрылғысын қабылдау
линзасына тікелей бағыттау мүмкін болмаса жұмыс
аймағы қысқарады. Сигнал қайтарулары (мысалы,
қабырғада) арқылы тікелей келмеген сигналдар
жағдайында да жету қашықтығын жақсарту мүмкін.
Өлшеу құралын басқару құрылғысы арқылы қосуды тек
өлшеу құралының атоматты өшуінен соң орындау мүмкін,
қосқыш/өшіргіш 8 әлі „On" күйінде болғанда. Басқару
құрылғысымен өшіру мүмкін емес.
Өлшеу әдісі
Қолмен бұрау (GSL 2)
Өлшеу құралының жоғарғы жағын тексерілетін жайға
бұраңыз. Бұраудан соң өлшеу құралы нивелирленіп,
лазер сызықтары қимылдамай тұрғанша күте тұрыңыз.
Сосын лазер сызықтары бір бірін қаптауын тексеріңіз.
Автоматты бұралу (GSL 2 Set)
Өлшеу құралының жоғарғы жағын басқару құрылғысымен
аймақты тексеру үшін бұраңыз. Қолмен бұрауға
болмайды.
Төмендегі ротация түрлерінен таңдау мүмкін:
19 пернесін басып жылдам, сағат тілімен
үздіксіз ротацияны бастаңыз. 19 пернесін қайта
басу ротацияны аяқтайды.
14 пернесін басып жылдам, сағат тіліне қарсы
үздіксіз ротацияны бастаңыз. 14 пернесін қайта
басу ротацияны аяқтайды.
18 пернесін басып жай, сағат тілімен үздіксіз
ротацияны бастаңыз. 18 пернесін қайта басу
ротацияны аяқтайды.
15 пернесін басып жай, сағат тіліне қарсы
үздіксіз ротацияны бастаңыз. 15 пернесін қайта
басу ротацияны аяқтайды.
17 пернесін басып бір реттік, сағат тілімен
қысқа ротацияны бастаңыз. Әр бөлек әрекет үшін
17 пернесін қайта басыңыз.
16 пернесін басып бір реттік, сағат тіліне қысқа
ротацияны бастаңыз. Әр бөлек әрекет үшін 16
пернесін қайта басыңыз.
Өлшеу нәтижелерін бағалау (D–G суреттерін қараңыз)
Екі лазер сызықтары арқылы аймақ негізгі нүкте („Өлшеу
құралын биіктікте бағыттау" 136 бетінде қараңыз) менен
бір биіктікте тұрғанын көрсетеді:
– Екі лазер сызығы бір бірін қаптаған барлық жайлар
негізгі нүктемен бір биіктікте жатады.
– Егер екі сызық ажыратылып тұрса немесе үзілсе, онда
едендік аймақтың биіктігі осы жайда негізгі нүктеден
айырылып тұр.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gsl professional 2 setRc 2 professional

Inhaltsverzeichnis