Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch Heavy Duty GCM 305-254 D Professional Originalbetriebsanleitung Seite 253

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Ішпектерді алмастыру (S суретін қараңыз)
Ішпектер (16) электр құралын ұзақ пайдаланғаннан кейін
тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұрандаларды (54) стандартты крест ойықты
бұрауышпен бұрап шығарып, ескі ішпекті (16) алып
тастаңыз.
– Жаңа ішпекті енгізіп, бұрандаларды (54) қайтадан
тартыңыз.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды
u
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (14) 0° ойығына (22) дейін бұраңыз.
Иінтірек (19) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп,
қажетінше жаңадан реттеу керек.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Тексеру (T1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды тұтқамен (9) төмен қарай баяу
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулелерін ажыратышпен (5) қосыңыз.
Манипулятор төмен бағытталғанда да, лазер сәулелері
бүкіл ұзындығы бойынша сол мен оң жақта
дайындамадағы сызылған кесік сызығынан бірдей
аралықта болуы керек.
Лазер қорғаныш қалпақшасын алып тастау (T2
суретін қараңыз)
– Лазер қорғаныш қалпақшасының (10) екі
бұрандасын (55) алты қырлы дөңбек кілтпен/крест
ойықты бұрауышпен (43) босатып, лазер қорғаныш
қалпақшасын алып тастаңыз.
Манипуляторды жылжыту кезіндегі бүйірлік
ауытқуды реттеу (T3−T4 суреттерін қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (56) (шамамен 1–2 айналым)
босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
Bosch Power Tools
– Лазер корпусын (57), лазер сызықтары
манипуляторды артқа жылжытқан кезде бүйірге
ығыспағанша, оңға немесе солға жылжытыңыз.
– Лазердің корпусын (57) осы күйде ұстай отырып,
бекіткіш бұранданы (56) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Лазер қорғаныш қалпақшасын (10) қайтадан бекітіңіз.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Бұрыш индикаторын (көлденең) туралау (U суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (14) 0° ойығына (22) дейін бұраңыз.
Иінтірек (19) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (58) шкаланың (23) 0° белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (59) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен
туралаңыз.
– Бұранданы қайтадан тартыңыз.
Бұрыш индикаторын (тік) туралау (V суретін қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қысқыш дөңгелекті (45) босатыңыз.
– Бұғаттау иінтірегін (46) сыртқа тартып,
манипулятордың көмегімен 0° шамасындағы тік еңіс
бұрышын орнатыңыз.
– Бұғаттау иінтірегін (46) жіберіңіз. Бұғаттау иінтірегі
позицияда тіркелуі тиіс
– Қысқыш дөңгелекті (45) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (30) шкаланың (29) 0° белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (60) крест ойықты бұрауышпен босатып,
бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
– Бұранданы қайтадан тартыңыз.
Электр құралын тасымалдау (W суретін
қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Бекіткіш бұранда (1) тартылған болса, оны босатыңыз.
Манипуляторды толықтай алға тарта отырып, бекіткіш
бұранданы қайтадан мықтап тартыңыз.
– Тереңдік шектегіші (39) толықтай артқа
қайырылғанына және дәлдеп реттеу бұрандасына (38)
Қазақ | 253
1 609 92A 8HX | (23.03.2023)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis