Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch Heavy Duty GCM 305-254 D Professional Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
252 | Қазақ
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы
күйінде бекітілуі керек.
Оператордың күйін (N суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабымен (2) (кең дайындамаларды) кесу үшін
тартылған бекіткіш бұранданы (1) босатыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (27) және (28) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында
тұрғанша тіреуіш планкаладан (27) ары тартыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Енді манипуляторды (27) және (28) тіреуіш
планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты
жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Жүріссіз аралау (қақпақтар) (O суретін қараңыз)
– Жүріссіз кесіктер үшін (кіші дайындамалар) тартылған
бекіткіш бұранданы (1) босатыңыз. Манипуляторды
тіреуіш планкаға (27) қарай тірелгенше жылжытып,
бекіткіш бұранданы (1) қайтадан тартып қойыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (27) және (28) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен
бағыттаңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
1 609 92A 8HX | (23.03.2023)
Пайдалану нұсқаулары
Кесік сызығын белгілеу (P суретін қараңыз)
Екі лазер сәулелері ара дискісінің аралау енін көрсетеді.
Осылай дайындаманы аралау үшін тербелу қорғағыш
қаптамасын ашпай нақты орналастыру мүмкін.
– Лазер сәулелерін (5) қосқышымен қосыңыз.
– Дайындаманың белгісін екі лазер сәулелерінің
арасына бағыттаңыз.
Нұсқау: Аралаудан алдын кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріңіз (Лазерді реттеу). Лазер
сәулелерінде, мысалы, дірілдеулер себебінен белсенді
пайдалануда параметрлері өзгеруі мүмкін.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Макс. дайындамалар саны:
Көлденең еңіс
Тік еңіс бұрышы Биіктігі x ені
бұрышы
45° (сол жақ/оң
жақ)
45° (сол жақ)
45° (сол жақ)
45° (оң жақ)
45° (оң жақ)
45° (сол жақ)
45° (оң жақ)
Мин. дайындамалар саны (= жинақтағы қысқаш (41)
арқылы ара дискісінен оң немесе сол жақта қысуға
болатын барлық дайындамалар): 100 x 40 мм (ұзындығы
x ені)
Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 90 мм
Тереңдік шектегішін реттеу (ойықты аралау) (Q
суретін қараңыз)
Егер ойықты аралау керек болса, тереңдік шектегішін
реттеу керек.
– Тереңдік шектегішін (39) алға қайырыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (9) керекті күйге
қайырыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (38) бұранда ұшы тереңдік
шектегішіне (39) тигенше бұраңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау (R суретін
қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін сол
жақ немесе оң жақ ұзындық шектегішін (36) пайдалануға
болады.
– Ұзындық шектегішін (36) жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (25) қажетті дайындама
ұзындығына реттеңіз.
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
[мм]
90 x 305
90 x 215
55 x 215
30 x 215
55 x 305
30 x 305
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis