Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita BL1055B Betriebsanleitung Seite 138

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für BL1055B:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 16
9.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
10. Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйік шалуға себеп болуы
мүмкін.
11.
Аккумулятор немесе аккумулятормен бірге
пайдаланылатын жабдық зақымдалған
немесе өзгертілген болса, оларды
пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе
өзгертілген аккумулятор немесе жабдық өрт,
жарылыс немесе жарақат алу қаупіне әкелетін
күтпеген жағдайлар тудыруы мүмкін.
12. Аккумулятор блогын немесе құралды
оттың не шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
13. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын нұсқауларда көрсетілген
температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз.
Дұрыс зарядталмаса немесе көрсетілген
ауқымнан тыс температурада зарядталса,
аккумулятор зақымдалуы және өрт шығу қаупі
артуы мүмкін.
14. Жөндеу жұмыстарын білікті маман тек тиісті
қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып
орындауы тиіс. Бұл өнімнің қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
15. Құрылғыны немесе аккумулятор
жинағын пайдалану және күтім көрсету
нұсқауларында сипатталғаннан басқа
жолмен өзгертуге немесе жөндеуге әрекет
етпеңіз.
16. Өрт шығу және күйіп қалу қаупі бар. Ашуға
болмайды, мыжуға болмайды, мынадан
артық қыздыруға болмайды (өндіруші
белгілеген максималды температура)
немесе өртеуге болмайды. Өндірушінің
нұсқауларын орындаңыз.
Аккумуляторға арналған маңызды
қауіпсіздік нұсқаулары
Аккумуляторды пайдаланбас бұрын,
1.
(1) аккумуляторға арналған зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
белгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумуляторды бөлшектемеңіз немесе
өзіңіз ашып жөндемеңіз. Ол өрт, шамадан тыс
қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі
мүмкін.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
мүмкін.
5.
Аккумуляторды қысқа тұйықтауға
болмайды:
(1)
Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдарға тигізбеңіз.
(2)
Аккумулятордың ішінде шегелер,
тиындар, т.б. басқа металл заттары бар
контейнерде сақтамаңыз.
(3)
Аккумуляторды суға салмаңыз немесе
жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы
үлкен ток ағынының пайда болуына,
қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті
бұзылуға себеп болуы мүмкін.
Құралды және аккумуляторды
6.
температурасы 50 °C (122 °F) шамасынан
асатын жерлерде сақтамаңыз және
пайдаланбаңыз.
7.
Аккумулятор қатты зақымдалған немесе
толығымен тозған болса да, оны отқа
жақпаңыз. Аккумулятор отта жарылып кетуі
мүмкін.
8.
Аккумуляторды тесуге, басуға, лақтыруға,
құлатуға немесе оны қатты затпен соғуға
болмайды. Бұл әрекеттер өрт, шамадан тыс
қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі
мүмкін.
9.
Зақымдалған аккумуляторды
пайдаланбаңыз.
10. Жинаққа кіретін литий-ионды
аккумуляторлар денсаулыққа және
қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы
талаптарына сәйкес қарастырылады.
Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы,
үшінші тараптар, экспедиторлар үшін
қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар
сақталуы тиіс.
Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар
бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек.
Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық
қарап шығыңыз.
Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды
қаптамаға қозғалмайтындай етіп
орналастырыңыз.
Аккумуляторды кәдеге жаратқан кезде оны
11.
құралдан шығарып алып, қауіпсіз жерде
кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге
жаратуға қатысты жергілікті ережелерді
орындаңыз.
12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы
көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз.
Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге
орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе
электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.
138 ҚАЗАҚША

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis