Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GCL 25 Professional Originalbetriebsanleitung

Laser
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCL 25 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_DOKU-29094-003.fm Page 112 Wednesday, May 14, 2014 4:43 PM
112 | Қaзақша
Пайдалану нұсқаулары
 Белгілеу үшін әрдайым тек лазер нүктесінің немесе
лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз. Лазер
нүктесінің өлшемі немесе лазер сызығының ені
қашықтықпен өзгереді.
Тағанмен пайдалану (керек-жарақтар)
Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен 7штатив 16
немесе стандартты құрылыс штатив бұрандасына
орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін
5/8"-штатив патронын 6 пайдаланыңыз. Өлшеу құралын
штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақтар)
Әмбебап ұстағыш 15 көмегімен өлшеу құралын, мысалы,
тік аймақтарды, құбырларда немесе магниттелетін
материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап ұстағышты және
едендік штатив ретінде де пайдалану мүмкін болып өлшеу
құралының биіктік бойынша бағытталуын
оңтайландырады.
Өлшеу құралын қосудан алдын 15 әмбебап ұстағышын
баптап бағыттаңыз.
Өлшеу пластинасымен жұмыс істеу (керек-жарақтар)
(A–B суретін қараңыз)
Өлшеу пластинасы 14 көмегімен лазер белгілерін еденге
немесе лазер биіктігін қабырғаға өткізу мүмкін.
Нөльдік реттілік өрісі мен шкала көмегімен керекті
биіктікке жылжытуды өлшеп басқа жерге қайта белгілеу
мүмкін. Осылай өлшеу құралын өткізілетін биіктікке дәл
реттеу керек болмайды.
Өлшеу пластинасында 14 қайтаратын жамылғы бар, ол
үлкен қашықтықта немесе қатты күн сәулелерінде лазер
сәулесінің көрінуін жақсартады. Жарықтықтың күшеюі тек
лазер сәулесіне параллельді ретте өлшеу пластинасына
қараған кезде көрінеді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы 13 қолайсыз жағдайда және ұзақ
қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жартысы 13
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жартысы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынанда көрінеді.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақтар)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарығын сүзгілейді. Ол
арқылы лазердің қызыл жарығы көз үшін жарқынырақ
болады.
 Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол
лазер сәулесінен қорғамайды.
 Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
1 609 92A 0KZ | (14.5.14)
Падалану мысалдары (C – F суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Өлшеу құралын әрдайым тексерілетін аймақ немесе
шетке жақын қойып әр өлшеуден алдын нивелирлеңіз.
Лазер сәулесі немесе лазер сызығы мен аймақ немесе шет
аралығын әрдайым екі ең ұзақ жатқан нүктелерден
өлшеңіз (мысалы, 14 өлшеу тақтасымен).
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жинақтағы шабаданда тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Өндіру және бақылау әдістерінің мұқияттылығына
қарамастан, өлшеу құралы бір рет жұмыс істемесе, Bosch
электр құралдарының өкілетті сервистік орталықтарының
бірінде жөндеу өткізу керек. Өлшеу құралын өзіңіз
ашпаңыз.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өлшеу құралының зауыттық
тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Жөндеу қажет болса өлшеу құралын шабаданда жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis