KAZ
• Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін
ғана пайдаланған жөн. Электр құрылғысына
судың кіріп кетуі электр тогының соғу тəуекелін
арттырады.
• Назар аударыңыз! Өрт қаупі! Ажарланатын
материалдың жəне ажарлағыш құралдың
қатты қызып кетуіне жол бермеңіз. Жұмы-
ста үзіліс жасар алдында үнемі шаң
жинағышты босатып отырыңыз. Ажарлау
барысында шаң жинағышта (немесе шаS-
сорғыштың сүзгісінде) жиналған шаң-тозаң
қолайсыз жағдайларда тұтанып кетуі мүмкін.
• Ажарланатын беткі қабат жəне шаң мен
будың ықтимал түзілуі туралы ақпарат алу
қажет. Күмəнды жағдайларда түзілген шаң
мен будың тіпті азғантай мөлшерімен де
тыныстамаңыз. Белгілі бір беттерді (əртүрлі
металдар, минералдар немесе ағаш матери-
алдары, сондай-ақ атмосфералық əсерлерден
қорғайтын бояулар) ажарлау кезінде аллерги-
ялық реакцияларға немесе ауыр дерттерге
себеп болуы ықтимал зиянды/улы булар
түзілуі мүмкін. Осы шаңмен жəне бумен дем
алмаңыз, олардан аулақ болыңыз. Құрамында
асбест бар материалдарды тек мамандар ғана
өңдеуі тиіс.
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
нұсқаулар
• Өңделетін бұйымды бекітіңіз. Өңделетін
бұйым қысатын құралдың немесе қысқыштың
көмегімен кері соққыдан немесе бақыланбай-
тын лақтырудан қорғалуы мүмкін (мысалы,
өңделетін бұйымды қармау кезінде).
• Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Əсіресе
əртүрлі материалдардың аралас шашылуы
қауіпті. Жеңіл металл шаңы (мысалы, аллюми-
ний) жеңіл тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
• Кабелі зақымдалған электр құралын пайда-
ланбау керек. Зақымдалған кабельге
тимеңіз жəне ашаны розеткадан тез арада
ажыратыңыз. Зақымдалған кабельдер ток
соғу қатерін жоғарылатады.
• Құрылғы мен дайындаманың қызып
кетуіне жол бермеңіз. Қатты қызып кету
құралдың немесе құрылғының зақымдануына
əкелуі мүмкін.
• Қолды құрғақ жəне майлағыштан бос күйде
ұстау керек. Жылпылдақ қолдар жазатайым
жағдайларға əкеліп соғуы мүмкін.
• Үнемі техникалық қауіпсіздік, сондай-ақ
денсаулық пен еңбекті қорғау бойынша
қолданыстағы ұлттық жəне халықаралық
талаптарды сақтау қажет. Жұмысты бастау
алдында құрылғыны пайдалану орнындағы
қолданыстағы ережелер туралы ақпарат алу
керек.
• Жылжымалы бөлшектер желдету жəне ауасы-
здандыруға арналған саңылауларда да болуы
мүмкін екендігін ескеріңіз.
• Жылжымалы бөлшектер желдету жəне ауасы-
здандыруға арналған саңылауларда да болуы
мүмкін екендігін ескеріңіз.
Шаңды сору
Құрамында қорғасын, сыр, бірқатар ағаш
ұнтақтары, минералдар мен металдар болатын
осындай материалдардың шаңы денсаулыққа
84
зиянды болуы мүмкін. Шаңды жұту немесе маңына
бару пайдаланушылардың немесе маңындағы
адамдардың аллергиялық реакциясын жəне/
немесе тыныс алу жолдары ауруларын қоздыруы
мүмкін. Шаңның белгілі бір түрлері, мысалы, емен-
нің немесе бүк ағашының шаңы, əсіресе, ағаш
ұнтақтарын өңдеуге арналған қоспамен (хромат-
тар, ағашты қорғау заттары) араласқанда концеро-
генді əсер етеді. Құрамында асбест бар материал-
дарды тек мамандар ғана өңдеуі тиіс.
– Əрқашан шаң сорғыш құрылғыны пайдала-
ныңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтама-
сыз етіңіз.
– Əрқашан шаңнан қорғау маскасын киіп жүріңіз.
– Өз еліңізде өңделетін материалдар бойынша
қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
Қауіпті діріл
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Діріл салдарынан
жарақат алу қаупі бар! Діріл, əсіресе
қан айналымы бұзылған адамдарда қан
тамыр ауруларын немесе жүйке жүй-
есінің өзгеріске ұшырауын тудыруы мүм-
кін.
Мынадай белгілер пайда болған кезде
жұмысты дереу тоқтатып, дəрігерге
жүгіну керек: дене мүшелерінің ұюы,
сезімталдық жоғалту, қышыну, шаншу,
ауырсыну, тері реңденуінің өзгеруі.
Техникалық сипаттамаларда атап өтілген діріл
көрсеткіші əдеттегі қолдану жағдайларын көрсе-
теді. Пайдалану кезіндегі нақты діріл бұл көрсет-
кіштен мынадай себептер бойынша ауытқуы мүм-
кін:
• мақсатынан тыс пайдалану;
• сəйкес келмейтін салмалы аспаптар;
• сəйкес келмейтін материал;
• жеткіліксіз техникалық күтім.
Егер сіз келесі нұсқауларды сақтасаңыз, қауіпті
айтарлықтай төмендете аласыз:
– Техникалық күтімді пайдалану бойынша нұсқа-
улықта келтірілген кеңестерге сəйкес жүр-
гізіңіз.
– Төмен температурада жұмыс жасамауға тыры-
сыңыз.
– Суық ауа райында дене мен əсіресе қолдар-
дың жылы болуын қадағалаңыз.
– Тұрақты түрде үзілістер жасап жəне қан айна-
лымын жақсарту үшін қолдарыңызды қозғал-
тып тұрыңыз.
• Құрылғыда орналасқан белгілерді өшірмеңіз
жəне жаппаңыз. Құрылғыдағы оқылмайтын
нұсқауларды жедел түрде жаңаларымен ауы-
стырыңыз.
Қолданысқа енгізу алдында пайдалану
бойынша нұсқаулықты оқып, ондағы ұсы-
ныстарды ескеріңіз.
Қорғаныш оқшаулама кернеулі электр бөл-
шектермен түйісуден қорғанысты қамтама-
сыз етеді, себебі ол жұмыс жағдайлары
бойынша қажет болатын негізгі түрі айна-
ласында қосымша оқшаулау болып табы-
лады. Қорғаныш оқшаулама II қорғаныс
классына сəйкес келеді.