Herunterladen Diese Seite drucken

LG ARNU15GQAA2 Benutzerhandbuch Seite 249

Konsole

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 57
Күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсету
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Қандай да бір күтім жасауға кіріспес бұрын жүйенің негізгі қуат көзін сөндіріңіз, сақтындырғышты
ағытыңыз және қуат ашасын суырыңыз.
Панель мен сүзгілерді тазалау
Құрылғыны жұмсақ құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Ағартқышты немесе түрпілі заттарды пайда-
ланбаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Мыналардың ешқайсысын пайдаланбаңыз:
• Су 40°C-тан ыстық. Бұл пішінің бүлінуіне немесе түсінің оңуына себеп болуы мүмкін.
• Ұшпалы заттектер. Олар кондиционердің бетін бүлдіруі мүмкін.
Ауа сүзгілері
Алдыңғы панельдің / тордың артындағы ауа сүзгілерін 2 апта сайын немесе
қажет болса одан да жиі тексеріп және тазалап тұру қажет.
Сүзгілерді алу үшін төмендегі өздігінен түсінікті суреттерді қараңыз.
Сүзгілерді шаңсорғышпен немесе сабынды жылы сумен тазалаңыз.
Егер кір-қоқысы тез кете қоймаса, жылы суға езілген тазартқыш
ерітіндісімен жуыңыз. Жуып болғаннан кейін сүзгілерді
жақсылап құрғатып, қайта орнына қойыңыз.
Аллергияға қарсы сүзгі
Ауа сүзгісінің артындағы аллергияға қарсы сүзгіні алыңыз да, тура түскен күн сәулесіне 2 сағат
қойыңыз.
Содан кейін бұл сүзгілерді өз орнына салыңыз.
Торды шығарып алу
1. Алдыңғы торды алға қарай тартып ашыңыз.
2. Содан кейін алдыңғы панельдегі ойықтан тордың ілмегін сыртқа қарай тартыңыз.
3. Содан кейін алдыңғы панельдегі ойықтардан тордың 2 топсасын сыртқа қарай тартыңыз.
Сүзгілерді шығарып алу
1. Ауа сүзгісін шығарып алу үшін
сүзгі ілмегін төмен қарай тар-
тыңыз.
2. Жақтаудың ілмектерінен ұстап, 4
жердегі ілгектерді алып шығыңыз.
All manuals and user guides at all-guides.com
Күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсету
Пайдаланушы нұсқаулығы 11

Werbung

loading