Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKF 1600 CE Professional Originalbetriebsanleitung Seite 176

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKF 1600 CE Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
176 | Қазақ
Фрезаны енгізу (D суретін қараңыз)
Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
u
қолғапты кию ұсынылады.
Фрезалар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі
нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді.
Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты
фрезалар жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ
материалдарды өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға арналған.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз.
Мүмкін болса, білік диаметрі 12 мм құрайтын фрезаны
қолданыңыз.
Фрезерлеу қозғалтқышы батырмалы блокқа/көшіру
блогына енгізілген кезде, фрезаны алмастыруға болады.
Алайда біз құралды фрезерлеу қозғалтқышының
бөлшектенген күйінде алмастыруға кеңес береміз.
– Фрезерлеу қозғалтқышын батырмалы блоктан/көшіру
блогынан шығарыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (27) (➊) басып, мықтап
ұстап тұрыңыз. Шпиндельді бұғаттау тіркелгенше
азғантай қолмен бұраңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін (27) қозғалыссыз
күйде ғана басыңыз.
– Салмалы гайканы (17) айыр тәрізді кілтпен (28) (кілт
ені 24 мм) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
босатыңыз (➋).
– Фрезаны цангалы қысқышқа енгізіңіз. Фреза білігі
цангалы қысқышқа кемінде 20 мм-ге кіргізілуі тиіс.
– Салмалы гайканы (17) айыр тәрізді кілтпен (28) (кілт
ені 24 мм) сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін (27) жіберіңіз.
Диаметрі 50 мм-ден үлкен болған фрезаларды
u
орнатылған көшіру гильзасынсыз орнатпаңыз. Бұл
фрезалар тірек тақтасынан өтпейді.
Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
u
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
1 609 92A 57S | (16.04.2021)
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін батырмалы блокқа монтаждау
(E суретін қараңыз)
Сору адаптерін (30), шланг жалғағышын алға немесе
артқа қаратып, орнатуға болады.
Көшіру гильзасының адаптері (50) енгізілген жағдайда,
сору адаптері (30) құлыптан босату иінтірегіне (52)
тимеуі үшін, көшіру гильзасының адаптерін 180°
шамасына бұрап монтаждау қажет болуы мүмкін.
Сору адаптерін (30) 2 домалатпа бұрандамен (29) тірек
тақтасына (13) бекітіңіз.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін сору
адаптерін (30) жүйелі түрде тазалап тұру қажет.
Сору адаптерін көшіру блогына монтаждау
(F суретін қараңыз)
Сору адаптерін (32), шланг жалғағышын алға немесе
артқа қаратып, орнатуға болады.
Көшіру гильзасының адаптері (50) енгізілген жағдайда,
сору адаптерін (32) 2 домалатпа бұрандамен (29) тірек
тақтасына (13) бекітіңіз. Көшіру гильзасының
адаптерінсіз (50) жұмыс істеген жағдайда, аралық
сақинаны (33) сору адаптеріне (32), суретте
көрсетілгендей, алдын ала монтаждаңыз.
Шаңсорғышты жалғау
Сорғыш шлангіні (диаметрі 35 мм) (31) (керек-жарақ)
орнатылған сору адаптеріне енгізіңіз. Сорғыш
шлангіні (31) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Электр құралын қашықтан іске қосу құрылғысы бар
Bosch әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден жалғауға болады. Ол электр құралы
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Іске қосу
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (15) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis