Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Philips FC8715 Bedienungsanleitung Seite 107

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für FC8715:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 17
мүмкін. Егер роботты кілемде пайдалансаңыз, роботтың осы еден түрінде жұмыс істей алатынын көру
үшін, алғашында жанында тұрыңыз. Сондай-ақ, роботты қара және жылтыр қатты едендерде
пайдаланғанда қадағалау қажет.
Робот қалай тазалайды
Тазалау жүйесі
Роботта едендерді тиімді тазалауға арналған 2 кезеңді тазалау жүйесі бар.
-
Екі бүйірлік щетка роботтың бұрыштарды және қабырғалардың бойын тазалауына көмектеседі.
Сондай-ақ, олар едендегі кірді тазалауға және оны сору саңылауына (сурет 4) қарай жылжытуға
көмектеседі.
-
Роботтың сору қуаты кірді тартып алады және оны сору саңылауы арқылы шаң контейнеріне (сурет
5) тасымалдайды.
Тазалау үлгілері
Авто тазалау режимінде робот бөлменің әр аумағын оңтайлы тазалау үшін тазалау үлгілерінің
автоматты реттілігін пайдаланады. Оған пайдаланылатын тазалау үлгілері:
1 Z үлгісі немесе зигзаг үлгісі (сурет 6)
2 Аралас үлгі (сурет 7)
3 Қабырға бойымен жүретін үлгі (сурет 8)
4 Дақты тазалау үлгісі (сурет 9)
Авто тазалау режимінде робот бекітілген ретпен осы үлгілерді пайдаланады:z үлгісі, аралас үлгі,
қабырға бойымен жүретін үлгісі және дақ тазалау үлгісі.
Робот осы үлгілер реттілігін аяқтағанда, қайтадан Z үлгісімен қозғала бастайды. Робот қайта
зарядталатын батарея таусылғанша немесе қолмен өшіргенше, бөлмені тазалау үшін осы үлгілер
реттілігін пайдалануды жалғастырады.
Ескертпе (FC8715, FC8710, FC8705): Сондай-ақ, қашықтан басқару құралында тиісті түймені басу
арқылы әр режимді жеке-жеке таңдауға болады. Қосымша мәліметтер алу үшін «Роботты пайдалану»
тарауындағы «Тазалау режимдері» бөлімін қараңыз.
Робот биіктіктегі айырмашылықтардан қалай аулақ жүреді
Роботтың түбінде үш құлау датчигі бар. Ол осы құлау датчиктерін баспалдақтар сияқты биіктіктегі
айырмашылықтарды анықтау және аулақ жүру үшін пайдаланады.
Ескерту: Роботтың биіктік айырмашылығы жиегінен аздап шығып қозғалуы қалыпты, өйткені алдыңғы
құлау датчигі буфердің артында орналасқан.
Абайлаңыз: Кейбір жағдайларда құлау датчиктері баспалдақтарды немесе басқа биіктік
айырмашылығын уақытылы анықтамауы мүмкін. Сондықтан бірінші рет пайдаланғанда және
баспалдақтардың немесе басқа биіктік айырмашылығының жанында пайдаланғанда, роботты мұқият
бақылаңыз. Робот биіктік айырмашылықтарын дұрыс анықтауын жалғастыруы үшін, құлау датчиктерін
жүйелі түрде тазалап тұру маңызды (нұсқауларды «Тазалау және күту» тарауынан қарауға болады).
Бірінші рет пайдалану алдында
Бірінші рет пайдалану алдында
1 Бүйірлік щеткаларды орамынан шығарыңыз және роботты үстелде немесе еденде аударыңыз.
Қазақша
107

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Fc8710Fc8705Fc8700Fc8715/01

Inhaltsverzeichnis