Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch AdvancedGrassCut 36 Originalbetriebsanleitung Seite 277

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für AdvancedGrassCut 36:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
аккумулятордың толығымен қуаттандырылып болғанын
білдіреді. Аккумулятор толығымен қуаттандырылып
қойылған сәттен шамамен 5 минут өткеннен кейін жасыл
түсті жарық диод шамдары қайтадан өз өздерімен өшеді.
Нұсқау: Жылдам қуаттандыру функциясы тек
аккумулятор температурасының лайықты ұйғарынды
деңгейде болғанында ғана қолданыла алынады,
"Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Аккумулятор қуаттандырылды
Аккумулятордың жарық диодтық
қуаттандыру көрсеткішінің жасыл түспен
тұрақты жануы аккумулятордың
толығымен қуаттандырылып қойылғанын білдіреді.
Сонымен қатар, шамамен 2 секунд бойы аккумулятордың
толығымен қуаттандырылғанын білдіретін дыбыстық
сигналдық белгісі беріліп тұрады.
Осыдан кейін аккумулятор дереу пайдалану үшін
қуаттандыру құралынан шығарылып алына алады.
Ішіне аккумулятор енгізілмеген жағдайда
аккумулятордың жарық диодты қуаттандыру
көрсеткішінің тұрақты жануы желі айырының электр
розеткасына енгізіліп, қуаттандыру құралы іске қосу үшін
дайын болып тұрғанын білдіреді.
Аккумулятор температурасының 0°C тен төмен
немесе 45°C тен жоғары болуы
Аккумулятордың жарық диодтық
қуаттандыру көрсеткішінің қызыл түспен
тұрақты жануы аккумулятордың
температурасы ұйғарынды қуаттандыру температуралық
аумағынан тыс болғанын білдіреді, "Техникалық
мәліметтер" тарауын қараңыз. Ұйғарынды температура
деңгейі орнатылған сәттен кейін қуаттандыру құралы
автоматты түрде жылдам қуаттандыру барысына
ауысады.
Аккумулятор температурасы ұйғарынды қуаттандыру
температура деңгейінен тыс аумағында болғанда,
қуаттандыру құралы енгізілгенде аккумулятордың қызыл
түсті жарық диодтық шамы жанатын болады.
Қуаттандыру барысы өткізіле алынбайтын жағдайлар
Қуаттандыру барысында басқа бөгет пайда
болғанда, осы бөгет қуаттандыру құралының
жарық диодтық шамының қызыл түспен
жыпықтап жанып тұруы арқылы көрсетіледі.
Бұл жағдайда қуаттандыру барысы бастала алмай және
аккумулятордың қуаттандырыла алмайтын болады
("Қателер мен бөгеттерді белгілеу" тарауын оқыңыз).
Қуаттандыру бойынша нұсқаулар
Аса ұзақ уақыт бойы қуаттандыру немесе қуаттандыру
циклдарының бірінен кейін бірін қайта бірнеше рет ешбір
үзіліссіз өткізу арқылы қуаттандыру құралы қызып кетуі
мүмкін. Осындай қуаттандыру барыстары ешбір түрде
қаупті болмайды, қуаттандыру құралында техникалық
ақауының бар болуын білдірмейді.
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының
айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып
қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
Bosch Power Tools
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларын ұстаныңыз.
Аккумуляторды суыту (Active Air Cooling)
Қуаттандыру құралында құрастырылған желдеткіш
басқаруы жүйесі аккумулятордың температурасын
бақылап тұрады. Аккумулятор температурасы 30 °C
деңгейінен жоғары болса, ол желдеткіш арқылы оңтайлы
қуаттандыру температурасына дейін суытылып қойылып
тұратын болады. Іске қосылып тұрған желдеткіш желдету
дыбыстарын шығарып тұрады.
Желдеткіштің іске қосылмай тұруы аккумулятор
температурасының оңтайлы ауқымда болғанын немесе
желдеткіштің бұзылып қалуын білдіреді. Бұл жағдайда
аккумуляторды қуаттандыру уақыты ұзаратын болады.
Басқару
Қосу / өшіру (F суретін қараңыз)
Құралды қосу үшін алдымен қосуға қарсы бұғаттау (1)
түймешігін басыңыз. Одан кейін Қосқышты / өшіргішті
(2) басып, жібермей біраз баса ұстап тұрыңыз.
Құралды өшіру үшін Қосқышты / өшіргішті (2) босатып
жіберіңіз.
Шөпті триммермен кесу / жиектерді кесу
(12) түймешігін басыңыз. Триммер бастиегін шөп немесе
жиектерді кесуге лайықтап орнату үшн триммердің
төменгі бөлшегін тұрқыға қарсы бағытта 180° бұрыңыз.
Түймешекті босатып (12) жіберіңіз, айналу механизмі
толығымен енгізіліп, сарт етіп бекітіледі.
Көгал шөпті кесу
Шөп кесу триммерін сол және оң жақтарға қарай
жылжытып, жұмыс барысында құрал денеңізге қарай
жеткілікті аралықта тұрғанына көз жеткізіңіз. Биік
шөптерді сатылап кесіңіз. (G суретін қараңыз)
Жиектерді кесу
Шөп кесу триммерін көгал жиектері бойынша жүргізіп
өткізіңіз. Жіптің тым тез тозып қалуын болдырмау үшін
құралдың дуалдар немесе қатты үстілермен жанасып
қалмауына назар аударып жүріңіз. (H суретін қараңыз)
Ағаштар мен түптердің айналасында шөп кесу
Құралдың жақсырақ басқарылуын қамтамасыз ете алу
үшін ағаштарды сақтандыру үшін арналған сақтандырғыш
тоғынын қолданыңыз (8). Ағаштар мен бұталар
аймағында шөпті баяу ғана, олардың жіппен жанасып
қалуын болдырмайтындай қылып кесіңіз. Ағаш не
бұталар қабықтары зақымданып қалған жағдайларда осы
өсімдіктердің толығымен өліп қалуы мүмкін.
Орауышты бөлектеп шығару, жіптерді орау
және орауышты енгізіп орнату (I - L суреттерін
қараңыз)
Пышақты ауыстыру алдынан құрал аккумуляторын
u
шығарып алыңыз.
Орауыш жапқышының екі тілшіктерін бірге баса отырып,
орауыш жапқышын шығарып алыңыз (13). Одан кейін
бос орауышты шығарып алыңыз (14).
Қазақ | 277
F 016 L94 127 | (24.11.2020)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

3 600 h78 n serie

Inhaltsverzeichnis