Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Құрылғыны Ағызу; Тасымалдауға Дайындау - RIDGID K-5208 Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 65
14B-сурет – Муфта босатылған, кабель айналмайды,
кабельді құрылғыға беру
5. Кабель жалғамасы (торабы) муфтадан өткенше үдерісті
қайталаңыз.
a. Муфта тетігі тұтқасын босатыңыз, АЛҒА/O-ӨШІРУ/КЕРІ
қосқышын O-ӨШІРУ күйіне орналастырыңыз.
b. Кабель бөліктерін ажыратыңыз (8-суретті қараңыз).
Егер қажет болса, ағын құбырында жоғалуын
болдырмау үшін кабельді бекітіңіз.
c. Кабель бөлігін ағын құбыры тазалағышынан алып
тастаңыз және қажет болған кезде кабель тасығышқа
орналастырыңыз. Бірден көп кабель бөлігі бағыттауыш
құбыршекте болған кезде не кабель жерде айналған
кезде құрылғыны пайдаланбаңыз. Жерде жатқан
кабельді айналдыру аумақ айналасын жылжытуы,
айналаны зақымдауы және жарақатқа әкелуі мүмкін.
6. Кабельді құрылғыға қайта енгізіңіз, АЛҒА/O-ӨШІРУ/
КЕРІ қосқышын АЛҒА күйіне орналастырыңыз және
құрал ағын құбыры саңылауының ішінде болғанша
кабельді шығарып алуды жалғастырыңыз.
7. Муфта тетігінің тұтқасын босатыңыз. Кабель айналып
жатқанда ағын құбырынан кабель шетін тартпаңыз.
Кабель оралып, ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
8. АЛҒА/O-ӨШІРУ/КЕРІ
қосқышын
орналастырыңыз және қалған кабельді ағын құбырынан
тартыңыз. Қажетінше, құралды ауыстырып, ағын
құбырын тазалауды жалғастырыңыз. Толық тазалау
үшін ағын құбырынан бірнеше рет өткізген жөн.
9. Құралды кабельден алып тастаңыз. Кабельді ағын
құбыры тазалағышынан алып тастаңыз.
10. Құрғақ қолмен құрылғыны ажыратыңыз.
Құрылғыны ағызу
Жарамды контейнерді ағын тығынының астына орналастырыңыз
(1-сурет). Ағын тығынын тартып босатыңыз (ол баумен ұстатылады)
және ағызу мүмкіндігін беріңіз. Аяқтаған кезде тығынды орнына
салыңыз.
999-995-137.09_REV. B
K-5208 ағын құбырын тазалау құрылғысы
O-ӨШІРУ
күйіне
Тасымалдауға дайындау
Бағыттауыш құбыршекті құрылғыдан алып тастаңыз. Муфта тетігі
тұтқасын төмен күйіне іліңіз. Сымды муфта тетігі тұтқасының
айналасына ораңыз және GFCI орнына бекітіңіз. 15-суретте
көрсетілгендей бекітіңіз. Бекіту үшін ажыратқышты ұстағышқа
қатты енгізіңіз. Кабель бөліктерін кабель тасығышқа салған кезде
бөліктерді жалғау тиеу мен түсіруді жеңілдетеді. 16-суретте
көрсетілген бір тасымалдау әдісі.
15-сурет – Тасымалдау күйіндегі сым
16-сурет – Тасымалдау
481

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis