Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - RIDGID K-5208 Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 65
14. Жұмыс аймағын тексеріңіз де, бақылаушылардың
ағын құбырын тазалағыштан және жұмыс аймағынан
алшақ ұстау қажеттілігін тудыратын кедергілердің
бар-жоғын анықтаңыз. Ағын құбырын тазалау процесі
лас болуы мүмкін және бақылаушылар операторды
алаңдатуы мүмкін.
15. Құрылғыны оңай қол жетімді болатындай етіп
орналастырыңыз. Кабель мен муфта тетігі тұтқасын
ұстап басқару, кабель бөліктерін тиеп түсіру және АЛҒА/
O-ӨШІРУ/КЕРІ қосқышына қолыңыз жету мүмкіндігіңіз
болуы керек.
16. АЛҒА/O-ӨШІРУ/КЕРІ қосқышы O-ӨШІРУ күйінде екенін
растаңыз.
17. Сымды ашық жол бойымен жүргізіңіз.Құрғақ қолмен
ағын құбыры тазалағышын тиісті түрде жерге қосылған
розеткаға жалғаңыз. Кейбір GFCI құрылғыларын
жалғаған сайын қайта орнату қажет болуы мүмкін.
Қажет болған кезде GFCI қайта орнатыңыз. Барлық
қосылымдарды құрғақ ұстаңыз және жердің бетінде
жатқызбаңыз. Егер қуат сымы жеткілікті түрде ұзын
болмаса, келесідей ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз:
• Жақсы күйдегі.
• Ағын құбыры тазалағышындағыға ұқсас ашасы бар.
• Сыртта пайдалануға арналған және сым тағайындауында
W не W-A қамтиды (яғни, SOW) немесе H05VV-F, H05RN-F
типтеріне немесе IEC типті жасақтамаға (60227 IEC 53,
60245 IEC 57) сәйкес.
• Сым өлшемі жеткілікті.Ұзындығы 50 фут (15,2 м) дейінгі
ұзартқыш сымдары үшін 16 AWG (1,5 мм
ауырлау сымды пайдаланыңыз. Ұзындығы 50-100 фут
(15,2 м-30,5 м) ұзартқыш сымдары үшін 14 AWG
(2,5 мм
) немесе ауырлау сымды пайдаланыңыз.
2
Ұзартқыш сымды пайдаланған кезде ағын құбыры
тазалағышындағы GFCI ұзартқыш сымды қорғамайды.
Егер розетка GFCI арқылы қорғалмаған болса, ұзартқыш
сымда ақау болған жағдайда ток соғуының алдын алу
үшін розетка мен ұзартқыш сым арасындағы GFCI типті
қосқышты пайдалану ұсынылады.
Пайдалану нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Көз жарақаты қаупін азайту үшін үнемі қорғаныш көзілдірігін
киіңіз.
Үнемі тиісті күйдегі RIDGID ағын құбырын тазалау қолғабын
киіңіз. Латекс немесе босап қалған қолғап немесе шүберек
кабельге оралып, ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін.
999-995-137.09_REV. B
K-5208 ағын құбырын тазалау құрылғысы
Ағын құбырларын тазалау қолғаптарының астынан латекс
немесе резеңке қолғаптарды ғана киіңіз. Зақымданған ағын
құбырларын тазалау қолғаптарын кимеңіз.
Ағын құбырын тазалау жабдығын қолданған және
пайдаланған кезде үнемі тиісті жеке қорғаныш жабдығын
пайдаланыңыз. Ағын құбырларында улы, инфекциялы
болуы, күйдіруі немесе басқа жағдайларды тудыруы мүмкін
химикаттар, бактериялар және басқа заттар болуы мүмкін.
Тиісті жеке қорғаныш жабдығына үнемі қауіпсіздік көзілдірігі
және RIDGID ағын құбырын тазалау қолғабы жатады
және латекс немесе резеңке қолғаптар, бет қалқандары,
көзілдіріктер, қорғаныш киім, респираторлар және темір
тұмсықты аяқ киім сияқты жабдықты қамтуы мүмкін.
Құрылғы қосулы кезде кескіштің айналуды тоқтатуына
жол бермеңіз. Бұл кабельге күш түсіріп, оның бұралуына,
байлануына немесе үзілуіне әкелуі мүмкін. Бұралған,
байланған немесе үзілген кабель соққыға немесе соқтығысу
жарақаттарына әкелуі мүмкін.
Құрылғы іске қосулы кезде қолғап киген қолыңызды кабель
үстінде ұстаңыз. Бұл кабель басқаруын жақсартады және
кабельдің бұралуына, байлануына және үзілуіне жол бермеуге
көмектеседі. Бұралған, байланған немесе үзілген кабель
соққыға немесе соқтығысу жарақаттарына әкелуі мүмкін.
Кабель шығысы ағын құбырының кірісінен екі фут (0,6 м)
шегінде болатындай етіп құрылғыны орналастырыңыз
немесе қашықтық екі футтан асқан кезде ашық кабельді тиісті
түрде бекітіңіз. Үлкенірек қашықтықтар кабельдің бұралуына,
байлануына немесе үзілуіне әкелетін басқару қиындықтарын
тудыруы мүмкін. Бұралған, байланған немесе үзілген кабель
) немесе
соққыға немесе соқтығысу жарақаттарына әкелуі мүмкін.
2
Бір адам кабельді және муфтаны бақылауы керек.
Пайдалану кезінде муфта тұтқасын құлыптамаңыз. Егер
кескіш айналуды тоқтатса, оператор кабельдің бұралуына,
байлануына және үзілуіне жол бермеу және жарақат қаупін
азайту үшін муфтаны босата алуы керек.
Бұралған не кабельдерден, кабель ұшының бос тұруынан,
құрылғының қисаюынан, химиялық өрттен, инфекциялардан
және басқалай себептерден жарақат алу қаупін азайту үшін
жұмыс нұсқауларын орындаңыз.
1. Құрылғы мен жұмыс аумағы дұрыс орнатылғандығын
және жұмыс аумағында бөгде адамдар және басқа
алаңдататын заттардың жоқтығын тексеріңіз.
2. Кабельді құрылғыдан тартып алып, ағын құбырына
салыңыз.
шықпайтындай етіп, кемінде бір фут (0,3 м) кабельді
ағын құбырына салып, құрылғыны іске қосқан кезде
айналдыра орап тастаңыз.
Кабельдің ашық қалуын және бағыттың өзгеруін
барынша азайтып, кабельді тікелей құрылғының кабель
шығысынан ағын құбыры саңылауына бағыттаңыз.
Кабельді қатты бүкпеңіз – бұл бұралу немесе үзілу
қаупін арттыруы мүмкін.
Кабельдің
ұшы
ағын
құбырынан
477

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis