Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GGS 18V-23 LC Professional Originalbetriebsanleitung Seite 169

Geradschleifer
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
деректері бойынша алмалы-салмалы аспаптың рұқсат
етілген максималды айналу жиілігін есептеуге болады.
Ол электр құралының максималды аналымдар
санынан төмен жатуы мүмкін емес.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру (GGS 18V-23 LC)
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (5) алға
жылжытыңыз.
Ажыратқышты (5) орнату үшін ажыратқышты (5)
алдыңғы жағынан төмен қарай тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (5) жіберіңіз
немесе ол бекітілген болса, ажыратқышты (5) артқы
жағынан кішкене төмен басып, сонан соң жіберіңіз.
Қосу/өшіру (GGS 18V-23 PLC)
Электр құралын іске қосу үшін босату иінтірегін (13) алға
жылжытып, ажыратқышты (5) жоғары қарай басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Аккумуляторды орнату
Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
u
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Зарядталған аккумуляторды (7) электр құралының
тірегіне аккумулятор берік бұғатталғанша кіргізіңіз.
Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі
Электр құралы кенет кері соқса, мысалы,
фрезерлеу кезінде бұғатталса,
қозғалтқышқа қуат беру электроника
арқылы тоқтатылады.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Қайта қосылудан қорғаныс
Қайта қосылудан қорғаныс қуаттандырудан кейін электр
құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Нұсқау: тым жылдам өшіріп қайта қосу кезінде қайта
қосылудан қорғаныс іске қосылып, электр құралы
ажыратқыш (5) қосулы болса да жұмыс істемеуі мүмкін.
Ажыратқышты (5) өшірілген күйге келтіріп, электр
құралын қайта қосыңыз.
Байланыс функциялары
®
Bluetooth
Low Energy Module GCY 30-4 байланысты
төмендегі байланыс функциялары электр құралы үшін
қолжетімді болады:
– Тіркеу және даралау
– Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
– Жалпы мәліметтер мен параметрлер
– Басқару
®
Bluetooth
Low Energy Module GCY 30-4 туралы мәлімет
алу үшін жинақтағы пайдалану нұқсаулығын оқыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралы орнатылған Bluetooth
u
Module GCY 30-4 модулімен радиоинтерфейспен
жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін,
мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда
ескеріңіз.
Bluetooth® радио технологиясын пайдалануға
u
болмайтын аймақтарда Bluetooth® Low Energy
Module GCY 30-4 модулі мен түймелі
аккумуляторды шығарып алу керек.
Оңтайлы жұмыс нәтижесіне қол жеткізу үшін ажарлағыш
дөңгелекті азғантай қысыммен біркелкі алға-артқа
жылжытыңыз. Тым қатты басу электр құралының қуатын
төмендетіп, ажарлағыш дөңгелектің жылдам тозуына
әкеледі.
Ажарлау құралдарын соққыдан қорғап сақтаңыз.
u
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20° - 50°C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Қазақ | 169
®
Low Energy
1 609 92A 5DG | (15.10.2019)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis