Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch BT-EXACT series Originalbetriebsanleitung Seite 250

Industrie-akkuschrauber
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
250 | Қазақ
Нұсқау: егер аккумулятордың (18) орнына кернеу
адаптері мен 4EXACT кернеу тұрақтандырғышын
пайдалансаңыз, жарық диодты индикатор (11) қызмет
етпейді.
Бұрандалы қосылымдардың индикаторы
Алдын ала орнатылған айналу моментіне
жеткеннен кейін ажырату тіркесімі
ажыралады. Жарық диодты индикатор (9)
жасыл түспен жанады.
Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе,
жарық диодты индикатор (9) қызыл түспен жанып,
дыбыстық сигнал беріледі. Бұрап бекітуді тағы бір рет
орындау керек.
Bluetooth® қосылымының индикаторы
Ажыратқышты (12) басып, Bluetooth® қосылымын іске
қосыңыз. Қызыл түсті жарық диодты индикатор (10)
бұрауыш қосылымды іздеп тұрғанша жыпылықтайды.
Жарық диодты индикатордың (10) қызыл түспен үздіксіз
жанып тұруы Bluetooth® қосылымының орнатылғанын
білдіреді. Алайда бұрауыш әлі де бұғатталып тұрады.
Егер бұрауыш EXAConnecT негізгі станциясынан
босатылса, жарық диодты индикатор (10) сөнеді.
Егер жарық диодты индикатор (10) ажыратқышты
басқаннан кейін қысқа жыпылықтап сөнсе, бұл
бұрауыштың қуатпен жабдықталуы қосылым үшін
жеткіліксіз болып қалғанын білдіреді.
Қайталанудан қорғаныс
Бұрандалы қосылымда ажырату тіркесімі босатылса,
қозғалтқыш өшеді. Қайта іске қосу тек 0,7 секундтық
үзілістен кейін мүмкін болады. Осылайша қатты
бұрандалы қосылымдардың қате тартылуына жол
бермейсіз.
Бұрыштық оймалы бастиекті жылжыту
BT-ANGLEEXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30
Бұрыштық оймалы бастиекті (3) жалпы сегіз күйге
ауыстыруға болады.
Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты
фланецтің кілт жазықтығында (5) мықтап ұстаңыз.
Электр құралын корпус қабығында қысуға
u
болмайды.
Айыр тәрізді кілтпен (4) кілт жазықтығында (16) жаппа
гайканы босатыңыз. Бұрыштық оймалы бастиекті (3)
қалаулы күйге 45°-қа жылжытып, айыр тәрізді кілтпен (4)
кілт жазықтығында (16) жаппа гайканы қайтадан тартып
қойыңыз.
Бұл ретте айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецке
тіреп тұрыңыз.
Жарық диодты жұмыс шамын жылжыту (J суретін
қараңыз)
BT-ANGLEEXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30
Белгілеу шеңберін (19) жұқа бұрауыш парағымен,
қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз.
Серіппелі тежегіш сақинаны (33) серіппелі тежегіш
сақина қысқышымен артқа қарай корпус сыртына
жылжытыңыз.
1 609 92A 4V2 | (13.02.2019)
Жарық диодты жұмыс шамын (20) жабатын жарық диоды
ұстағышының (15) екі жартысын да енді қалаулы күйге
келтіруге болады. Жарық диодты жұмыс шамындағы
кабельді зақымдамай, тиісті корпус қабығындағы қуысқа
(34) бүктемей жылжытыңыз. Жарық диодты жұмыс
шамын (20) жарық диоды ұстағышының (15) екі корпус
қабығымен қайтадан жауып қойыңыз.
Серіппелі тежегіш сақинаны (33) және белгілеу шеңберін
(19) қайтадан әдепкі күйіне қайтарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Электр құралын майлау
Майлағыш:
Беріліс қорабына арналған май (225 мл)
Өнім нөмірі 3 605 430 009
Моликот майы
SAE 10/SAE 20 мотор майы
– Алғашқы 150 жұмыс сағатынан кейін беріліс қорабын
жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушісінің
пайдалану және кәдеге жарату нұсқауларын
орындаңыз. Беріліс қорабын беріліс қорабына
арналған Bosch майымен майлаңыз. Алғаш рет
тазалаудан бастап тазалау процедурасын әр 300
жұмыс сағатынан кейін қайталаңыз.
– Ажырату тіркесімінің жылжымалы бөліктерін 100 000
бұрап бекіту әрекетінен кейін бірнеше тамшы SAE 10/
SAE 20 мотор майымен майлаңыз. Сырланатын және
айналмалы бөліктерді моликот майымен майлаңыз.
Жағдай болғанда тіркесімнің тозған-тозбағанын
тексеріп, қайталанушылық пен дәлдікке әсер
етілмегеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін тіркесімнің
айналу моментін қайта орнату қажет.
Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
u
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындауы тиіс. Осылайша электр құралының
қауіпсіздігі сақталады.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді түрде орындайды.
Майлағыш және тазалағыш заттарды қоршаған
u
орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет.
Заңдық нұсқамаларды орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis