Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Кәдеге Жарату - Bosch GDR Professional 14,4 V-LI MF Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GDR Professional 14,4 V-LI MF:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-1051-003.book Page 132 Thursday, September 19, 2013 10:13 AM
132 | Қaзақша
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек 0 °C–50 °C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Көмір қылшақты алмастыру (D суретін қараңыз)
Көмір қылшақтардың ұзындығын әр 2 –3 ай сайын
тексеріп, керек болса көмір қылшақтарды алмастырыңыз.
Ешқашан жалғыз ғана көмір қылшақты алмастырмаңыз!
Ескертпе: Тек Bosch арқылы алынған өніміңізге арналған
көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.
– Қақпақтарды 16 сәйкес бұрауышпен босатыңыз.
– Серіппе қысымы астында тұрған көмір қылшақтарды
15 алмастырып қақпақтарды қайта бұрап қойыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
1 609 92A 0C1 | (19.9.13)
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға
қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы
аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер
маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-
жарақтарды және орау материалдарын
экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға
тапсыру керек.
Электр құралдарды және аккумуляторларды/
батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша 2012/19/EU директивасына
және 2006/66/EC нормасына сай
жарамсыз электр құралдарды, ақаулы
немесе пайдаланылған
аккумуляторларды/батареяларды бөлек
жинау керек және экологиялық тұрғыдан дұрыс
утилизациялауға тапсыру керек.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
„Тасымалдау" тарауындағы, 132
бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gdr professional 18 v-li mf

Inhaltsverzeichnis