Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKS Professional 85 Originalbetriebsanleitung Seite 152

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKS Professional 85:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
152 | Қaзақша
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
 Тек осы пайдалану нұсқаулығының техникалық
деректеріне сәйкес келетін аралау шеңберлерін
пайдаланыңыз.
 Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде
пайдаланбаңыз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады.
Аралау дискісін алу (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 басып, ұстап тұрыңыз.
 Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 ара шпинделі
орнатылған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдау мүмкін.
– Алты қырлы кілтпен 19 қысқыш винтті 20 бұрап
босатыңыз, қысқыш винтті  бағытында бұрап
шығарыңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы 12 артқа тартып, берік
ұстаңыз.
– Қысқыш фланецті 21 және аралау дискісін 22
шпиндельден 24 алыңыз.
Аралау дискісін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына
қойыңыз.
– Аралау дискісін 22 және барлық бекіту бөлшектерін
тазалаңыз.
– Маятниктік қорғағыш қаптаманы 12 артқа тартып, берік
ұстаңыз.
– Аралау дискісін 22 тірек фланеціне 23 орнатыңыз.
Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің
бағыты) қорғағыш қаптамадағы бағыт көрсеткісімен 1
бірдей болуы керек.
– Қысқыш фланецті 21 орнатыңыз және қысқыш винтті
20  бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің 23
және тірек фланецтің 21 орнату күйі дұрыс болуын
қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін 5 басып, ұстап тұрыңыз.
– Алты қырлы кілтпен 19 қысқыш винтті 20  бағытында
бұрап бекітіңіз. Бекемдеу моменті 10–12 Нм құрауы
керек, бұл қолмен бұрауғ плюс бір айналымға ¼ сәйкес
келеді.
Сына орнату (GKS 85 G) (В суретін қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Жасырын кесіктен басқа кездерде әрдайым
сынаны пайдаланыңыз. Сына ара полотносының
аралау кезінде тұрып қалуына жол бермейді.
Реттеу минималдық кесу тереңдігінде орындалады,
„Аралау тереңдігін орнату" 153 бетінде қараңыз.
Электр құралды қорғағыш қаптаманың 1 бүйірлік бөлігіне
қойыңыз.
1 609 92A 14V | (10.2.15)
Қысқыш тұтқышты 28 босатып, араны 14 тірек тақтадан
тартып, 28 қысқыш тұтқышты қайта тартып бекітіңіз.
25 бұрандасын босатып, сынаны 13 суретте көрсетілген
көлемге реттеп 25 бұрандасын 8–9 Нм бұрау моментімен
тартып қойыңыз.
Сынаны шешу/орнату
Сынаны 13 шешу үшін 25 бұрандасын босатып 13
сынасын алып қойыңыз.
Орнату үшін 13 сынасын орнатып 25 бұрандасымен
бекітіңіз. Сосын алдын сипатталғандай сынаның реттелуін
тексеріңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (C суретін қараңыз)
GKS 85:
Сору адаптерін 26 жоңқа шығаруына 17 тірелгенше
салыңыз. Сору адаптерін 26 қосымша бұрандамен 27
бекітіңіз.
Сору адаптеріне 26 диаметрі 35 мм сору шлангысын
жалғауға болады.
GKS 85 G:
Сору адаптерін 26 жоңқаны сору келте құбырына 17
орнатыңыз. Сору адаптеріне 26 диаметрі 35 мм сору
шлангысын жалғауға болады.
 Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
 Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 26
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gks professional 85 g

Inhaltsverzeichnis