Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKS Professional 85 Originalbetriebsanleitung Seite 150

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKS Professional 85:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
150 | Қaзақша
 Жасырын кесіктен басқа кездерде әрдайым
сынаны пайдаланыңыз. Жасырын кесіктен соң
сынаны қайта орнатыңыз. Жасырын кесіктерде сына
кедергі болып кері соғу себебі болуы мүмкін.
 Сына әсер етуі үшін ол аралау аралығында болуы
қажет. Қысқа кесіктерде сына керу соғуларды жоя
алмайды.
 Араны қисық сынамен пайдаланбаңыз. Кіші кедергі
де қорғағыш қаптаманың жабылуын баяулатуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Шығарылған жоңқаларды қолға алмаңыз.
Айналатын бөлшектердан жарақат алуыңыз мүмкін.
 Араны бастың үстінде ұстап жұмыс істемеңіз.
Электр құралды жеткілікті бақылай алмайсыз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Тұрақты болмаса, электр құралмен жұмыс
істемеңіз. Ол аралау үстелінде жұмыс істеуге
арналмаған.
 Тез кесетеін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
 Қара металдарды араламаңыз. Қызған жоңқалар
тұтануға әкелуі мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
1 609 92A 14V | (10.2.15)
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қозғалмайтын тіректе ағашты бойлай және
көлденеңінен, бұрышпен кесуге арналған. Сәйкес аралау
дискілерінің көмегімен профильдер сияқты түсті
металдардан жасалған жұқа қабырғалы заттарды аралауға
болады.
Қара металдарды өңдеуге болмайды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қорғаныш қаптамасы
2 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
3 Қосқыш/өшіргіш
4 Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған)
5 Шпиндельді бекіту түймесі
6 Бұрыш шкаласы
7 Параллельді тірекке арналған құлақты бұранда
8 Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда
9 Кесік белгісі 0°
10 Кесік белгісі 45°
11 Бағыттайтын планка*
12 Маятниктік қорғағыш қаптама
13 Сына (GKS 85 G)
14 Тірек платформасы
15 Маятниктік қорғағыш қаптаманы реттеуге арналған
иінтірек
16 Еңкейту бұрышын реттеуге арналған құлақты бұранда
17 Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр
18 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
19 Алты қырлы дөңгелек кілт
20 Шайбасы бар қысқыш бұранда
21 Қысқыш фланец
22 Аралау дискісі*
23 Тірек фланеці
24 Ара шпинделі
25 Сынаны бекітетін бұранда (GKS 85 G)
26 Сору адаптері*
27 Сору адаптерінің бекіту бұрандасы (GKS 85)*
28 Кесу тереңдігін реттеуге арналған қысқыш иінтірек
29 Аралау бұрышының шкаласы
30 Струбциналар жұбы*
31 Бағыттауыш рейка*
32 Жалғайтын бөлшек*
33 Сорғыш шланг*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gks professional 85 g

Inhaltsverzeichnis