Herunterladen Diese Seite drucken

Whirlpool ADG 145 Gebrauchsanweisung Seite 8

Werbung

B. Су жұмсартқышқа тұз салу
Əрқашан ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолданыңыз.
Тұз сауыты астыңғы себеттің астында орналасқан жəне оны төменде түсіндірілгендей жолмен
толтыру керек:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тек ыдыс жуғыш машиналарға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз! Ыдыс жуғыш машинаға
арналмаған басқа тұз түрлері, əсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа нұқсан келтіреді. Жарамсыз
тұзды пайдаланудан нұқсан келтірілген жағдайда, өндіруші ешқандай кепілдік бермейді жəне
кез келген нұқсан үшін жауапкершілік көтермейді.
• Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана тұз салып толтырыңыз.
Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде ұзақ уақыт
жатып қалып, тоттануға себеп болуына жол бермеуі үшін қажет.
Ашу
A Астыңғы себетті алғаннан кейін тұз сауытының қақпағын бұрап алыңыз (1).
B Ең алғаш жуу алдында, машинаның тұз сауытына 1литр су құйыңыз.
С Құйғыштың (жинаққа кіреді) ернеуін тесікке кіргізіп, шамамен 1 кг тұз салыңыз. Тұз сауытынан
(2) шамалы мөлшерде су ағып кетуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
D Сауытты толтырғаннан кейін қақпағын сағат тілінің бағытымен, орнына қатайтып бұраңыз.
E Тұз сауытына тұз салынғаннан кейін тұз туралы ескерту шамы 2-6 күннен кейін жыпылықтауын
тоқтатады.
F Тұз сауытына тұз салғаннан кейін жуу бағдарламасын дереу бастау керек (Жібіту немесе
жылдам жуу бағдарламасын пайдалануды ұсынамыз). Əйтесе, құрылғының сүзгі жүйесі, сорғы
немесе басқа маңызды бөлігіне тұзды су зақым келтіруі мүмкін. Бұл кепілдікпен қамтылмайды.
Ескертпе:
1. Басқару панеліндегі тұз туралы ескерту шамы жанған кезде ғана тұз сауытына қайтадан тұз
салу керек. Тұздың қаншалықты жақсы еруіне қарай, тұз сауыты толтырылса да, тұз туралы
ескерту шамы əлі жанып тұруы мүмкін. Егер басқару панелінде (кейбір үлгілерде) тұз туралы
ескерту шамы болмаса, су жұмсартқышқа тұзды қашан толтыру керек екенін ыдыс жуғыш
машинаның жасаған циклдары арқылы есептеуге болады.
2. Егер тұз шашыраса, оның артығын кетіру үшін сорғыту бағдарламасын немесе жылдам
бағдарламаны орындау қажет.
1
8
2

Werbung

loading