Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PRO GSA18V-280 Bedienungsanleitung Seite 127

Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Жинау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Ара полотносын салу/алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе
u
алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт
пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
Ара төсемін алмастыру кезінде ара төсемінің
u
патронында материал қалдықтарының, мысалы,
ағаш немесе металл жоңқаларының жоқтығына
көз жеткізіңіз.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын ара төсемдеріне шолу осы пайдалану
нұсқаулығының соңында берілген. Тек қана 1/2 дюймдік
әмбебап білігі бар ара төсемдерін орнатыңыз. Ара төсемі
қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.
Ара дискісін орнату (A суретін қараңыз)
Бекіткіш төлкені (3) шамамен 90°-қа көрсеткі бағытымен
бұраңыз және оны нық ұстап тұрыңыз. Ара дискісін (1)
ара дискісінің бекіткішіне (8) салыңыз. Бекіткіш төлкені
қайтадан жіберіңіз.
Ара төсемін тарту арқылы оның берік бекітілгенін
u
тексеріп шығыңыз. Босап қалған ара төсемі құлап,
сізге жарақат тигізуі мүмкін.
Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (1), сондай-ақ 180°-
қа бұрап (тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға
болады.
Ара дискісін алып тастау (A суретін қараңыз)
Ара төсемін шығарудан бұрын суытыңыз. Ара
u
төсеміне тиюден жарақат алу қаупі бар.
Бекіткіш төлкені (3) шамамен 90°-қа көрсеткі бағытымен
бұраңыз және оны нық ұстап тұрыңыз. Ара дискісін (1)
алып тастаңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін алдымен 
қосылудан қорғайтын құлыпты (4) басыңыз және оны
ажыратыңыз. Содан кейін ажыратқышты (5) басып
тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (4) іске қосу үшін 
бетінде іске қосылудан қорғайтын құлыпты басыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (5) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (5) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына
байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Жүріс санын мына жағдайларда төмендетуге кеңес
беріледі:
– ара төсемін дәлірек орналастыру үшін ара төсемін
дайындамаға қойған кезде,
– материалдың балқуын болдырмау үшін пластик пен
алюминийді аралау кезінде.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u
өшіріңіз.
Кеңестер
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
u
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, АЖТ, құрылыс материалдарын және т.б. аралау
алдында ине, бұранда және т.б. сияқты бөгде заттардың
Қазақ | 127
 бетінде іске
1 609 92A C67 | (26.11.2025)
Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis