Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GRO 12V-35 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 150

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GRO 12V-35 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-2916-001.book Page 150 Tuesday, July 12, 2016 1:56 PM
150 | Қaзақша
тұрғанында ғана пневматикалық құралды бір минут
ішінде максималды айналымдар санында
қосыңыз. Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар
тексеру кезінде анықталады.
 Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз.
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты,
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін
киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет.
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
 Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі
қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы
аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспаптың жасырын тоқ сымына
тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда құралды тек
оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін
сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп,
соғуына алып келуі мүмкін.
 Іске қосуда электр құралын берік ұстаңыз. Толық
айналымдар санына көтерілген кезде қозғалтқыштың
реакциялық моменті электр құралының бұралып
кетуіне алып келуі мүмкін.
 Мүмкін болса, дайындаманы бекіту үшін қысқыш
сайманды пайдаланыңыз. Пайдалану кезінде
ешқашан бір кіші дайындаманы бір қолда ұстап
сайманды басқа қолда ұстамаңыз. Кіші
дайындамаларды қысып қою арқылы электр құралын
жақсы бақылауға болады. Ағаштық дюбель, темір
шыбық немесе құбыр сияқты домалақ
дайындамаларды ажыратуда олар домалап кетіп
саймандарды қысып сізге айналып соғуы мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша
электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып
тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп,
электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспапты алмастырғаннан немесе
аспап параметрлерін өзгерткеннен соң қысқыш
сомынын, қысқыш патрон немесе басқа бекіту
элементтерін бекітіңіз. Бос бекіту элементтері
кездейсоқ жылжып, бақылаудың жоғалтуына алып
келуі мүмкін; бекітілмеген, айналып тұрған
кұрамдастар лақтырылып тасталады.
 Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді
ауыр жарақаттауы мүмкін.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
1 609 92A 3B4 | (12.7.16)
 Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды жандыруы мүмкін.
 Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына
әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының
ережелері
 Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып
жатқан орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу
шеңберлерінің, тегістеу тәрелкелерінің, сымды
щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі
болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану
айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына
әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын құрал бұғатталу
орнында жұмыс құралының айналу бағытына қарсы
жылдамдайды.
Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада
тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу
шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде
шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы
шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері
операторға немесе одан ары қозғалады. Тегістеу
шеңбері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың
немесе оператор қатесінің салдары болып табылады.
Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
 Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері
соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы
керек. Пайдаланушы тиісті шаралар арқылы керу соғу
күштерін бақылауы керек.
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т. б. әсіресе
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының
дайындамадан ыршуын және сыналануын
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері
соққыны тудырады.
 Тістік ара полотносын пайдаланбаңыз. Мұндай
жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр
құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.
 Алмалы-салмалы аспапты материалға әрдайым
кесетін қыры материалдан шаққан бағытта
апарыңыз (жоңқа лақтырылатын бағытқа сай
болады). Электр құралын дұрыс емес бағытта
апарсаңыз, алмалы-салмалы аспап дайындамадан
шығып, электр құрал осы жылжыту бағытында
тартылады.
 Кесу шеңберлерін пайдалануда дайындаманы
қатты қысыңыз. Ойық аз ойылған болса да алмалы-
салмалы аспап ілініп кері соғуға алып келуі мүмкін.
Кесу шеңбері ілініп әдетте сынуы мүмкін. Айналатын
егеу, жоғары жылдамдықты фрезерлеу құралдары
немесе қатты метал фрезерлеу құралдары ілінсе
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis