Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 06008B9A07 Originalbetriebsanleitung Seite 166

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
сандалын ғана киіп жүріп қолданбаңыз. Лайықты
аяқ киімін киіп жүру арқасында аяқтар құралдың
жылжып тұратын пышағына тікелей жанаспай,
аяқтардың жарақаттану қаупі азайтады.
Көгал шапқышты қолдану барысында әрқашан
u
ұзын шалбар киіп жүріңіз. Адамдардың лайықты
түрде қорғалмаған терісі құрал айналасында шашылып
кете алатын заттар салдарынан жарақаттану қаупін
арттырады.
u
Көгал шапқышты дымқыл шөпте пайдаланбаңыз.
Құралмен жұмыс істегенде жүріңіз, жүгірмеңіз.
Осының арқасында сырғанап немесе құлап қалу және,
осының салдарынан жарақаттанып қалу қаупін
азайтасыз.
u
Көгал шапқышын ешқанан тым тік құламаларда
пайдаланбаңыз. Осының арқасында құрал бойынша
басқаруды жоғалтып, сырғанап немесе құлап қалу
және, осының салдарынан жарақаттанып қалу қаупін
азайтасыз.
u
Құламаларда жұмыс істегеніңізде әрқашан
тұрақты қалыпта тұрғаныңызға назар аударып
жүріңіз, әрқашан құламаларға көлденеңінен қарай
жұмыс істеңіз, ешқашан тікелей жоғарыға немесе
төменге қарай жұмыс істеңіз, жұмыс бағытын
өзгерткеніңізде аса абайлап әрекет етіңіз. Осының
арқасында құрал бойынша басқаруды жоғалтып,
сырғанап немесе құлап қалу және, осының
салдарынан жарақаттанып қалу қаупін азайтасыз.
u
Көгал шапқышты артқа қарай жылжытқаныңызда
немесе оны Өзіңізге қарай тартқаныңызда аса
абайлап әрекеттеніңіз. Әрқашан айналаңызға және
жан-жағыңызға назар аударып жүріңіз. Осының
арқасында жұмыс барысында сүрініп қалу қаупі
азайтылады.
u
Құрал пышақтарын және басқа жылжып тұратын
бөлшектерін олар әлі жылжып, тоқтамай тұрғанда
түртпеңіз. Осының арқасында осы жылжып тұратын
бөлшектер арқылы пайда бола алатын жарақаттану
қаупі азайтылады.
u
Құрал ішінде қысылып жиналып қалған
материалды шығарып алу алдынан немеме көгал
шапқышты тазалау алдынан алдымен құралдың
барлық ажыратып-қосқыштары ӨШІРУ қалпына
қойылып, құралдың аккумуляторы шығарылып
қойылғанына көз жеткізіңіз. Көгал жапқыштың
күтпеген кездейсоқ түрде іске қосылып кетуі ауыр
жарақаттануларға апара алады.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Құрал параметрлерін орнатқаныңызда және
u
реттегеніңізде саусақтарыңыз құралдың жылжымалы
пышақтары мен құралдың жылжымайтын бөлшектері
арасында қысылып қалмауына назар аударыңыз.
Құрал қатты заттарға тиіп қалған жағдайда немесе
u
шамадан тыс вибрациялар пайда болған жағдайларда
құралда зақымдалған жерлердің бар не жоқ болуы
тексеріп алыңыз.
Bosch Power Tools
Құралды қолданудан кейін сақтауға қою алдынан оны
u
әрқашан алдымен суытып алыңыз.
Құралды сақтауға қою алдынан оның шөп ұстағыш
u
себетін босатып алыңыз.
Басқару
Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін қорғау құлақшаларын
u
киіп жүріп жұмыс істеуіңіз лазым.
Бақ электрбұйымын тасымалдау үшін еңкейткеніңізде,
u
немесе үстінде шөп жоқ жерлерден өткеніңізде, және
бақ электрбұйымын шөп шабылатын жерге және шөп
шабылған жерден тасымалдағаныңызда электрбұйым
пышақтары тоқтатылып, іске қосылмай қалыпта болуы
тиіс.
Қозғалтқышты іске қосқанда немесе жүргізе
u
бастағаныңызда бақ электр бұйымын аудармаңыз.
Бақ электрбұйымын қолдану нұсқаулығында
u
көрсетілгендей іске қосып, өзіңіздің аяқтарыңыздың
құралдың айналып тұратын бөлшектерінен ұзақ
аралықта болуына назар аударыңыз.
Қолдарыңыз бен аяқтарыңызды айналып тұратын
u
бөлшектеріне жақын немесе олардың астынғы
жағында ұстамаңыз.
Бақ электрбұйымымен жұмыс істегеніңізде оның
u
шығару бөлшегіне қарай жеткілікті аралықта тұрыңыз.
Қозғалтқышы істе болып тұрған бақ электрбұйымын
u
ешқашан көтермеңіз немесе тасымаңыз.
Бақ электр бұйымын сақтау уақытында оның 4
u
аяқтарының барлығы жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бақ электр бұйымын тек қана оның тасымалдау
u
тұтқасынан ұстап көтеріңіз. Тасымалдау тұтқасын
абайлап отыра қолданыңыз.
u
Бұйымды өзгерту бойынша ешбір жұмыстарын
өзбасыңызбен өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту
жұмыстары бақ электр бұйымыңыздың қауіпсіздігін
зақымдап, шуылдар мен вибрациялардың өсіп
күшейтілуіне апара алады.
Электр тізбек тоқтатқышын босатып ажырату
– Бақ электрбұйымды бақылаусыз қалдырып кетуіңіз
керек болып қалғанда әрқашан.
– Бұғаттауларды кетіріп жою алдынан.
– Бақ электрбұйымын тексергеніңізде, тазалағаныңызда
немесе электрбұйым бойынша жұмыстарды
өткізгеніңізде.
– Басқа заттармен соққылып қалғаннан кейін; бақ
электрбұйымында зақымданған не бұзылған
жерлерінің пайда болған болмағанын дереу тексеріп,
керек болса пышағын ауыстырып алыңыз.
– Бақ электрбұйымы қалыптағыдай емес дірілдей
бастаса (дереу тексеріп алыңыз).
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша
нұсқаулар
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Қазақ | 165
F 016 L94 635 | (20.06.2024)

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

3 600 hb9 aCitymower 18v-32-300