Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдап, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Нормативтік үлгі нөмірі мен қарапайымдастырылған сәйкестілік
мәлімдемесі
Осы жабдық үшін нормативтік үлгі нөмірі (RMN): TPC-W042-TC. Осы нормативтік үлгі
нөмірі (RMN) компьютердің астында орналасқан.
Бұдан былай HP компаниясы осы жабдықтың 1999/5/EC (2017 жылдың 12 маусымына
дейін жіберілген өнімдер) және 2014/53/EU (2017 жылдың 12 маусымынан кейін
жіберілген өнімдер) директиваларының маңызды талаптары мен басқа қатысты
шарттарына сәйкес келетінін жариялайды. Бұл жабдықтың сәйкестілік декларациясын
көру үшін www.hp.eu/certificates сілтемесіне өтіп, осы жабдықтың RMN нөмірі арқылы
іздеңіз.
Бағдарламалық құрал шарттары
Осы компьютерде алдын ала орнатылған кез келген бағдарламалық құрал өнімін
орнату, көшіру, жүктеп алу немесе басқа жолмен пайдалану арқылы HP Түпкі
пайдаланушы лицензиялық келісіміне (EULA) бағынуға келісесіз. Егер сіз осы
лицензиялық шарттармен келіспесеңіз, қолданылмаған өнім қаражатын қайтару
ережелеріне сәйкес төленген қаражатты толық қайтарып алу үшін, пайдаланбаған
өнімді (аппараттық және бағдарламалық құралды) 14 күн ішінде сатушыға
қайтаруыңызға болады.
Қосымша ақпарат алу немесе компьютердің ақысын толық қайтаруды сұрау үшін,
сатушыға хабарласыңыз.
Шектеулі кепілдік
HP Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам
дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
Кейбір елдерде немесе аймақтарда HP компаниясы басылған кепілдігін қорапта
ұсынады. Кепілдік басып шығарылған пішімде берілмеген елдерде немесе аймақтарда
көшірмесін http://www.hp.com/go/orderdocuments сілтемесінде сұрауға болады.
Азиялық Тыныс мұхит аймағында сатып алынған өнімдер үшін HP компаниясының
мына мекенжайына хат жазуға болады: POD, PO Box 161, Kitchener Road Post Office,
Singapore 912006. Өнім атауын, аты-жөніңізді, телефон нөмірін және пошталық
мекенжайды көрсетіңіз.
28