Жылдам орнату нұсқаулығы
Қауіпсіздік туралы МАҢЫЗДЫ ақпарат
Å
Абайлаңыз! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту
үшін:
• Қуат сымын әрқашан оңай қол жететін айнымалы ток розеткасына
қосыңыз.
• Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суыру арқылы құрылғыны
қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қуат сымы 3 істікшелі ажыратқышпен берілсе, оны (жерге қосылған)
3 істікшелі розеткаға қосыңыз. Қуат сымының жерге қосу істікшесін
(мысалы, 2 істікшелі адаптер қосу арқылы) ажыратпаңыз. Жерге қосу
істікшесі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды болып
табылады.
Қосымша қауіпсіздік пен заң туралы мәліметтерді және батареяларды жою
туралы ақпаратты алу үшін, компьютердегі өнім нұсқаулықтарымен бірге
орналасқан Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер құжатын
қараңыз.
Абайлаңыз! Қатты жарақаттану қаупін азайту үшін, Инструкция безопасного
и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау) нұсқаулығын
оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін компьютерді қосу және
жұмыс орнын дұрыс реттеу жолдары, денсаулық сақтау шаралары және
компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады. Бұл Инструкция
безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау)
нұсқаулығында маңызды электр және механикалық жабдықтармен жұмыс
істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі. Инструкция
безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау)
нұсқаулығын http://www.hp.com/ergo сілтемесінен де алуға болады.
Өнім сипаттамасы
Бұл өнім көп функциялы үстел компьютері, үстел компьютері, жұқа клиент компьютері,
жұмыс станциясының компьютері немесе жеке жүйе болып табылады. Ол құрамында
жұқа панелді дисплей, сенсорлы тақта, процессор, RAM, VRAM, қатты диск, қатты күйдегі
диск, ішкі қуат жабдықтаушысы немесе сыртқы АТ адаптерін қажет етуі мүмкін.
Компьютер үлгісіне қарай, өнімдердің қуаттылығы 90-265 В ат, 100-240 В ат,
200-240 В ат, 220-240 В ат немесе 100-127/200-240 В ат, 50-60 Гц немесе 50/60 Гц,
1,5 A, 1,8 A, 2 A, 2,5 A, 3 A, 3,6 A, 4 A, 5 A, 5,2 A, 5,5 A, 6 A, 8 A, 6/3 A, 8/4 A, 8-4 A, 12-8 A
немесе 4,5-2,25 A болады. AТ адаптерінің қуаттылығы 100-240 В ат, 50-60 Гц, 0,5 A,
0,6 A, 0,8 A, 1 A, 1,2 A, 1,4 A, 1,5 A, 1,6 A, 1,7 A, 1,9 A, 2 A, 2,2 A, 2,25 A, 2,31 A, 2,4 A, 2,5 A,
2,7 A, 2,9 A, 3,5 A, 3,6 A немесе 4 A болады. Егер сымсыз пернетақта, тінтуір және
радиожиілікті қашықтан басқару құрылғысы болса, олардың қуаттылығы 1,5 В тт,
3 В тт, 3,2 В тт немесе 5 В тт, 5 мA, 10 мA, 20 мA, 25 мA, 30 мA, 40 мA, 50 мA, 60 мA,
80 мA, 100 мA немесе 300 мA болады. Өніміңіз үшін пайдаланушы нұсқаулары мен
нұсқаулықтарын ашу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайына кіріңіз.
27