•
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
•
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
•
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
•
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді, шығыс материалдарды және
құрамдастарды қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
7
Тасымалдау және сақтау
•
Электр аспапты енгізілген құралымен бірге тасымалдамаңыз.
•
Электр аспапты әрқашан ажыратылған ашасымен бірге сақтаңыз.
•
Аспапты құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
•
Электр аспапты ұзақ уақыт тасымалдаған не сақтаған соң, оны пайдалану алдында зақымдардың
бар-жоғын тексеріңіз.
8
Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Аспап жұмыс істемейді
немесе жұмыс барысын-
да өшіп қалады.
Соққымен бұрғылау
орындалмайды.
Құрама перфоратор толық
қуатпен жұмыс істемейді.
*2143375*
Ықтимал себеп
Электрмен қамту жоқ
Көмір қылшақтары тозған.
Аспап тым суық.
Функцияны таңдау қосқышы
«Cоққысыз бұрғылау»
Басу күші тым төмен.
Ұзартқыш кабельдің көлденең
қимасы тым кішкентай.
Негізгі сөндіргіш толық
басылмаған.
Аспапта солға айналу қосылған.
2143375
Шешім
▶ Басқа электр құралын жалғап,
жұмысын тексеріңіз.
▶ Аспапты тексеру үшін
электрші маманға барыңыз
және қажет болса, көмір
қылшақтарын ауыстырыңыз.
▶ Перфораторды жерге қойып,
бос жүріспен жұмыс істетіңіз.
Қажет болса, соққы механизмі
жұмыс істегенше әрекетті
қайталаңыз.
▶ Функцияны таңдау қосқышын
күйінде.
«Соққымен бұрғылау»
параметріне орнатыңыз.
▶ Соққы механизмі жұмыс
істегенше қатты басып
тұрыңыз.
▶ Қимасы жеткілікті ұзартқыш
кабельді қолданыңыз.
▶ Негізгі сөндіргішті тірелгенше
басыңыз.
▶ Аспапта оңға айналуды
қосыңыз.
Қазақ
179