Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GPB 18VH-6 SRC Professional Originalbetriebsanleitung Seite 162

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
162 | Қазақ
– <DAB+ AutoScan> (<DAB+> аудио көзінде)
Мәзірден DAB+ станциясын іздеу процесін бастауға
болады.
– <Sound Settings>
Дыбыс реттеулерінің мәзірі: төмендегі дыбыстың
алдын ала реттеулері арасында таңдауға болады:
 <EQ Outdoor> (Сыртқы диапазон)
 <EQ Indoor> (Ішкі диапазон)
 <EQ Voice> (Тіл)
 <Custom (Treble/Bass)> опциясы таңдалған
кезде, төмендегі ішкі мәзірде биіктік (<Treble>) пен
тереңдікті (<Bass>) қолмен реттеуге болады.
▪ Таңдалған дыбыс реттеуі дисплейдегі дыбыс алдын
ала реттеуінің индикаторында (c) пайда болады.
– <Time Settings>
Уақыт реттеулері мәзірі: 12 сағ <12 Hour Format>
және 24 сағ <24 Hour Format> уақыт пішімдерінің
арасында таңдауға және уақытты қолмен реттеуге
болады (<Set Time (HH:MM)>). Егер аудио көзі
ретінде уақыт деректерін тарататын радио станциясы
таңдалған болса, осы уақыт автоматты түрде
қабылданады.
– <Display Brightness>
Дисплей жарықтығы мәзірі: дисплейдің қалаулы
жарықтығын реттеуге болады.
– <Device Info>
Құрылғы туралы ақпарат мәзірі: <Version> (Нұсқа)
ішкі мәзірінде радио қабылдағыштың Bluetooth®
атауын және бағдарламалық пен аппараттық
жасақтама нұсқасын қарап шығуға болады. <Factory
Reset> (Зауыттық реттеулерге қайтару) мәзірінде
барлық мәзір реттеулерін қажетінше бастапқы күйге
қайтаруға болады.
Зарядтау режимі
Литий-иондық аккумуляторларды зарядтау
Егер радио қабылдағыш желілік қосылым арқылы электр
желісіне қосылған болса (желі режимінің индикаторы (h)
күй жолағында жанып тұрады), мына аккумуляторлардың
бірін зарядтауға болады: Bosch 18 В литий-иондық
аккумуляторы, AMPShare серіктесінің 18 В аккумуляторы
немесе Bosch 12 В литий-иондық аккумуляторы.
Аккумулятор радио қабылдағышқа салынған және радио
қабылдағыш қосылған кезде, зарядтау процесі автоматты
түрде басталады. Аккумулятор зарядталып жатқан кезде,
аккумулятор заряды деңгейінің индикаторында (j) соңғы
жолақ жыпылықтап тұрады.
Аккумуляторды зарядтау режимінің қате индикаторы (i)
жанса, бұл ішкі қатенің орын алғанын білдіреді.
– Аккумулятор жұмысқа жарамды болғанына, толықтай
салынғанына және ластанбағанына көз жеткізіңіз.
– Радио қабылдағыштың желілік ашасын суырып,
қайтадан салыңыз.
1 609 92A 9C2 | (30.04.2024)
– Мәзір реттеулерін <Factory Reset> (Зауыттық
реттеулерге қайтару) арқылы бастапқы күйге
қайтарыңыз.
– Аккумулятор температурасы 0°C және 45°C
аралығындағы зарядтау температураларының
диапазонынан тыс болғанда, зарядтау процесі
тоқтатылады.
– Мәселе шешілмесе, өкілетті Bosch қызмет көрсету
орталығына жолығыңыз.
Нұсқау: литий-иондық аккумуляторларды зарядтау
процесі, радио қабылдағыш жоғарырақ дыбыс
деңгейінде пайдаланылған және дәл сол уақытта USB
порты арқылы сыртқы құрылғы зарядталған кезде де
тоқтап қалуы мүмкін. Литий-иондық аккумуляторларды
зарядтау процесін бастау үшін не дыбыс деңгейін
төмендетіңіз, не USB порты арқылы зарядтауды
аяқтаңыз.
Сыртқы құрылғыларды USB порты арқылы
зарядтау (B суретін қараңыз)
USB жалғағышының көмегімен электр қуатымен USB
арқылы жабдықтауға болатын құрылғыларды (мысалы,
әртүрлі мобильді телефондар) зарядтауға болады.
Максималды зарядтау тогы 1,5 А құрайды.
Жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын
ашыңыз. Сыртқы құрылғыны жарамды кабель арқылы
радио қабылдағыштағы сыртқы құрылғыларға арналған
шығыс портына (15) жалғаңыз.
Сыртқы құрылғыларды зарядтау мүмкін болуы үшін,
радио қабылдағышты қосу керек.
Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (21)
қорғаныш қалпағын, зарядтағыш кабельді шығарғанда,
қайтадан жауып қойыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін радио қабылдағышты
таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch Power Tools

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

3 601 da6 2