158 | Қазақ
18 В аккумуляторлар пайдаланылған кезде, зарядталған
аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (28) тірелгенше
кіргізіңіз. 18 В аккумуляторларды шығарып алу үшін
аккумуляторды құлыптан босату тұтқасын (27),
аккумулятор құлыптан босатылып, сыртқа шығатындай
етіп тартыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
12 В аккумуляторлар пайдаланылған кезде, зарядталған
аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (22) тірелгенше
кіргізіңіз. 12 В аккумуляторларды шығарып алу үшін
аккумуляторды құлыптан босату түймелерін (26) басып,
аккумуляторды аккумулятор бекіткішінен тартып
шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумулятор бөлімінің қақпағын (17) жауып құлыптаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор салынған кезде, аккумулятордың (25)
заряд деңгейін дисплейден (2) анықтауға болады.
18 В аккумулятор радио қабылдағыштан шығарылған
болса, заряд деңгейін аккумулятордан да қарап шығуға
болады.
Дисплейдегі аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы
Аккумулятор салынғаннан кейін, аккумулятор заряды
деңгейінің индикаторы (j) дисплейде көрсетіледі.
Аккумулятор режимі:
Индикатор
Қуаты
80−100%
60−80%
40−60%
20−40%
5−20%
0−5%
Желі режимі:
Желі режимінде аккумулятор салынған кезде, ол
зарядтала бастайды. Зарядтау процесін аккумулятор
заряды деңгейінің индикаторынан (j) анықтауға болады
(индикатордағы соңғы жолақ жыпылықтайды).
18 В аккумулятордағы аккумулятор заряды
деңгейінің индикаторы
18 В аккумулятор радио қабылдағыштан шығарылса,
заряд деңгейін аккумулятордағы заряд деңгейі
индикаторының жасыл түсті жарық диодтары арқылы
қарап шығуға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған
немесе
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін, ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің
индикаторы болмайды.
1 609 92A 9C2 | (30.04.2024)
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 5× жасыл
Үздіксіз жарық 4× жасыл
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Буферлік батареяларды орнату/алмастыру
Радио қабылдағыштағы уақытты жадқа сақтау үшін
буферлік батареяларды орнату керек. Ол үшін сілтілі-
марганецтік батареялар ұсынылады.
Аккумулятор бөлімі қақпағының құлыптау иінтірегін (18)
ашып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (17) ашыңыз.
Қажет болса, аккумуляторды (25) шығарып алыңыз.
Батарея бөлімінің қақпағын (23) ашу үшін
түймесін басыңыз.
ысырманы (24) басып, қақпақты алып тастаңыз.
Жеткізілім жиынтығындағы буферлік батареяларды
салыңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей
полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея бөлімінің қақпағын (23) қайтадан орнатыңыз.
"REPLACE AAA BATTERY WHEN UNIT NO LONGER
KEEPS CORRECT TIME": Радио қабылдағышта сағат
Қуаты
60–100%
30–60%
5–30%
0–5%
Қуаты
80–100%
60–80%
40–60%
20–40%
5–20%
0–5%
Bosch Power Tools