Тағам дайындау бойынша кеңес
KZ
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
тартпаларды бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу
температураға сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі
мүмкін.
! BARBECUE (БАРБЕКЮ) ЖӘНЕ GRATIN (ГРАТИН)
тағам дайындау режимдерінде, әсіресе бұрылмалы
істікті пайдаланған кезде, тағамның қалдықтарын
(май және/немесе тоң май) жинау үшін тұтқалы
табаны 1-позицияға қойыңыз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
• Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы тартпаға салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
• Тұтқалы табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны
үстіңгі жаққа орнатыңыз.
БАРБЕКЮ
• Тартпаны 3 немесе 4-позицияға орналастырыңыз.
Тағамды тартпаның ортасына салыңыз.
• Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде қосылып
тұрмауы мүмкін.
PIZZA (ПИЦЦА) режимі
• Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз (пісіру мерзімін ұзарту арқылы
қытырлақ болуына кедергі жасайды).
• Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
66