Ортаға қою және бекіту*
1. «A» қақпағын «B» тірегіне қарсы орналастырыңыз.
2. «C» құлақшасын «A» қақпағына қарсы
орналастырыңыз. Егер шкафтың бүйір
қабырғасының қалыңдығы:
• 16 мм болса, құлақшаны 16 саны жоғары
қарайтындай етіп орналастырыңыз;
• 18 мм болса, құлақшаны кез келген мәліметтер
көрініп тұратындай етіп орналастырыңыз;
• 20 мм болса, құлақшаны бекітпеңіз.
3. Қақпақтар мен құлақшаларды шкафтың бүйір
қабырғасының жиегіне «D» бұрандаларымен
бекітіңіз.
4. Пешті шкафқа бұрандалар мен «E» пластикалық
жуғыштарын пайдаланып бекітіңіз.
D
C
A
D
C
C
D
B
Электр қосылымдары
! Үш ұялы электр кабелі бар пеш айнымалы ток
кернеуімен және құрылғыда орналасқан негізгі
деректер кестесінде көрсетілген жиілікпен жұмыс
істеу үшін жасақталған (төменде берілген).
Электр кабелін орнату
1. Қақпақтың бүйір құлақшаларына бұрауышты
E
E
тығып, дәнекер
қалқаншаны ашыңыз.
Бұрауышты төмен
басқанда қақпақты
ашу үшін оны тұтқа
түрінде пайдаланыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Бұрауышты тұтқа
түрінде пайдаланып,
қыспа бұранданы
босатып алып тастаңыз
(сызбаны қараңыз).
3. Үш сымды
L-N-
байланыс
бұрандаларын алып
тастап, түстеріне сай
сымдарды бұранда
бастарының астына
бекітіңіз: Көк (N), Қоңыр
(L) және Сары-жасыл
(
).
Электр кабелін желіге қосу
Деректер кестесінде көрсетілген жүктемеге сәйкес
стандартты айырғышты орнатыңыз (бүйірін
қараңыз).
Құрылғы, құрылғы мен желі арасында орнатылған 3
мм ашық кішкене байланысы бар және анықталған
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне
сәйкес болып келетін (жерге қосылған сым
автоматты айырып-қосқыштан ажыратылмауы тиіс)
жан-жақты автоматты айырып-қосқышты пайдалану
арқылы тікелей электр желісіне қосылуы қажет.
Электр кабелін температурасы 50°C-тан жоғары
болатын жерден өтпейтіндей етіп орналастыру
қажет.
! Орнатушы дұрыс ток байланысын орнатқанына
және оның қауіпсіздік ережелеріне сәйкес екендігіне
сенімді болуы қажет.
Құрылғыны тоққа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
• Құрылғы жерге қосылған және айырғыш заңға
сәйкес болып табылады.
• Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы қуатына төзімді (төменде
берілген).
• Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән
аралығы аумағында болады (төменде берілген).
• Розетка құрылғының айырғышына сәйкес келеді.
Розетка айырғышына сәйкес болмаса, өкілетті
маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель майыстырылмауы немесе қысылмауы
қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек білікті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс («Көмек» бөлімін
қараңыз).
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
* Тек белгілі бір модельдерде.
KZ
61