Herunterladen Diese Seite drucken

Indesit DFC 2C24 A X Bedienungsanleitung Seite 16

Werbung

ОПЦИЯЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
ОПЦИЯЛАРДЫ тиісті түймені басу арқылы тікелей таңдауға болады (БАСҚАРУ ПАНЕЛІН қараңыз).
Егер опция таңдалған бағдарламаға сәйкес келмесе БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСН қараңыз, тиісті ЖДШ 3 рет
тез жыпылықтайды да, дыбыстық белгі естіледі. Опция қосылмайды.
ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ / EXTRA LIGHT
Түйменің екі функциясы бар: ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ жəне
EXTRA LIGHT (ҚОСЫМША ЖЕҢІЛ).
Жуу циклын таңдап, ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ/EXTRA LIGHT
түймесін басыңыз; индикатор шамы жанады.
Бұл опциядан бас тарту үшін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ/
EXTRA LIGHT түймесін қайта басыңыз.
ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш затты
үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға болады.
Жуғыш зат мөлшерін екі есе азайтуға болады.
EXTRA LIGHT
Тек EXTRA LIGHT жуу циклымен үйлесімді.
Бұл опция EXTRA LIGHT режимін үлкен нəзік ыдыс-
аяқтар мен заттарға қолайлы жасайды. Бұл опцияда
кептіру кезеңі жоқ.
Ыдыс-аяқтар мен заттарды ыдыс жуғыш машинада
жууға болатынына көз жеткізіңіз.
КЕШІКТІРУ
Бағдарламаны бастау уақытын 2, 4 немесе 8 сағатқа
кешіктіруге болады:
1. Қалаған бағдарламаны жəне басқа параметрлерді
таңдаған соң, КЕШІКТІРУ түймесін басыңыз.
Индикатор шамы жанады.
2. КЕШІКТІРУ түймесін қайталап басу арқылы қалаған
кешіктіру уақытын таңдаңыз. 2 сағат, 4 сағат жəне 8
сағат индикатор шамы кезекпен жанады. КЕШІКТІРУ
түймесі қайтадан басылған кезде, опция өшіріледі
жəне индикатор шамы өшеді.
3. Таңдау процесі аяқталған соң, БАСТАУ/ТОҚТАТУ
түймесі басылатын болса, кері есеп басталады.
Таңдалған кешіктіру мерзімінің индикатор шамы
қосылады жəне Бастау/Тоқтату түймесі жанады
(сəйкестендірілген шам).
4. Бұл аяқталған соң, КЕШІКТІРУ индикатор шамы өшеді
жəне бағдарлама басталады.
КЕШІКТІРУ функциясын бағдарлама басталған соң
орнату мүмкін емес.
PUSH&GO
Push&GO түймесі - қысқа уақытта керемет жууды
қамтамасыз ететін жуу мен кептіру циклын қамтамасыз
ететін Push&GO бағдарламасына тікелей баруға
мүмкіндік беретін, оңай табылатын түйме. Қандай
бағдарламаны таңдау туралы мазалану керек емес,
Push&GO циклы барлық жұмысты өзі орындайды.
Push&GO бағдарламасын таңдау үшін, құрылғыны іске
қосып, Push&GO батырмасын 3 секунд басып тұрыңыз.
АҒЫЗУ
Белсенді айналымды тоқтату жəне өшіру үшін, АҒЫЗУ
функциясын пайдалануға болады.
БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін ұзақ уақытқа басу АҒЫЗУ
фунциясын іске қосады. Белсенді бағдарлама тоқтатылады
жəне ыдыс жуғыш машинадағы су ағызылады.
4
ҚОСЫМША
ҚОСЫМША циклы максималды биіктігі 53 см болатын
үлкен ыдыс-аяқтарды жақсылап жуу циклын орындауға
болады: жайпақ табалар, пеш торлары, май жинайтын
табалар, конфорка торлары, үлкен кастрөлдер, пицца
табақтары, тот баспайтын болаттан жасалған сорғыш
сүзгілері.
Үлкен ыдыс-аяқтарды салу үшін жоғарғы тартпаны
алып тастаңыз.
Екі құлыпты ашып (оң жəне сол),
тартпаны шығарып алыңыз.
Жоғарғы
тұрған кезде, құлыптар əрдайым
жабық болуы тиіс.
Су ыдыс-аяқтың барлық жеріне жетуі
үшін оны суретте көрсетілгендей
орналастырыңыз.
Қосымша
көмегімен циклды үлкен нəзік
ыдыс-аяқтарға қолдануға болады
(ОПЦИЯЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
тарауын қараңыз).
ҚОСЫМША жуу циклынан басқа циклды қолданған
кезде ыдыс жуғыш машинаны жоғарғы тартпаны
орнатпай қосушы болмаңыз.
EXTRA LIGHT функциясымен «Қосымша» және
«Қосымша» жуу циклын орындау үшін, жуғыш
затты диспенсерге емес, тікелей ваннаға құйыңыз.
ДВЕРЦА АВТО
Дверца Авто күнделікті арнайы кептіруді қамтамасыз
ету үшін кептіру барысында/кептіруден кейін есікті
автоматты түрде ашатын конвективтік кептіру жүйесі
болып табылады. Есік ас үй жиһазына қауіпсіз
температурада ашылады.
Қосымша, будан қорғаныс ретінде, арнайы қорғаныс
пленкасы ыдыс-аяқ жуғышымен бірге қосылады (үлгі
түріне байланысты сатып алу қажет болуы мүмкін).
Қорғаныс пленканы бекіту жолын білу үшін (ОРНАТУ
НҰСҚАУЛЫҒЫ) бөлімін қараңыз.
Төменде берілген жолымен Дверца Авто функциясын
ажыратуға болады:
• ӨШІРУ үшін: Алдымен машинаны қосып, содан
кейін қайта өшіріңіз. P батырмасын 5 секунд
басып тұрыңыз, 5 секунд өткен соң ыдыс жуғыш
машина қысқадыбыстық белгі береді. ҚОСУ/ӨШІРУ
батырмасын басыңыз, ыдыс жуғыш машина ұзақ
дыбыстық белгі береді.
• ҚОСУ үшін: Алдымен машинаны қосып, содан кейін
қайта өшіріңіз. P батырмасын 5 секунд басып тұрыңыз, 5
секунд өткен соң ыдыс жуғыш машина қысқадыбыстық
белгі береді. ҚОСУ/ӨШІРУ батырмасын басыңыз,
ыдыс жуғыш машинада əуен ойнайды.
тартпа
орнатылып
жеңіл
опциясының

Werbung

loading