Herunterladen Diese Seite drucken

Philips AC0830 Bedienungsanleitung Seite 36

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für AC0830:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 14
Маңызды
Қауіпсіздік
Құралды қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Ең жоғары өнімділікті қамтамасыз ету үшін тазартқышыңызды соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
Жаңартуды Air+ қолданбасы арқылы орындауға болады (тек Wi-Fi функциясы бар өнім үшін).
Қауіпті
Ток соғуын және/немесе өртті болдырмау үшін құрылғыны сумен, кез келген басқа
сұйықтықпен немесе (тұтанғыш) заттармен тазаламаңыз және де құрылғыға олардың түспеуін
қадағалаңыз.
Құрылғы айналасында инсектицидтер немесе әтір сияқты ешбір тұтанғыш материалдарды
бүркемеңіз.
Абайлаңыз
Құрылғыны қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті қуат кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
Құрылғының адаптері, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, оны қолданбаңыз.
Тек құрылғымен бірге келетін мақұлданған адаптерді (AC0819/AC0820/AC0830:
KA1801A-2400750EU, AC0850: KA2401A-2401000EU) пайдаланыңыз.
Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар мен физикалық, сезу немесе ойлау
қабілеттері шектеулі не болмаса тәжірибесі және білімі аз адамдар қадағалаумен немесе
құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді
түсінген жағдайда пайдалана алады.
Балалар құралмен ойнамауы керек.
Тазалау және қызмет көрсету жұмысын балалар бақылаусыз орындамауы керек.
Ауа кіріс жері мен ауа шығыс жерін бітеп тастамаңыз, мәселен ауа шығатын жерге немесе ауа
кіретін жердің алдына зат қоймаңыз.
Ауа саңылаулары арқылы құрылғыға басқа заттар кіріп кетпегенін тексеріңіз.
31,62 мВт (БИСҚ) (тек Wi-Fi функциясы бар өнім үшін) максимум қуат шығаратын, жиілігі
2,4 ГГц болатын 802.11 b/g/n негізіндегі WiFi стандартты интерфейсі.
Ескерту
Бұл құрылғыны дұрыс вентиляция жасау үшін, әдеттегі шаңсорғыш ретінде немесе тамақ
пісіріп жатқанда түтін сорғыш не желдеткіш ретінде қолдануға болмайды.
Әрқашан құралды құрғақ, тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз және пайдаланыңыз.
Құрылғының кемінде 20 см және үстіңгі жағынан кемінде 30 см бос орын қалдырыңыз.
Аспапқа отырмаңыз және тұрмаңыз. Құрылғының жоғарғы жағына ешнәрсе қоймаңыз.
Құралға конденсаттың тамуын болдырмау үшін құралды тікелей салқындатқыш астына
қоймаңыз.
Тек осы құралға арналған түпнұсқалық Philips сүзгілерін пайдаланыңыз. Басқа ешбір
сүзгілерді пайдаланбаңыз.
Сүзгіні жағу адамдарға қайтымсыз қауіп төндіруі және/немесе басқа адамдардың өміріне
қауіп төндіруі мүмкін. Сүзгіні отын немесе соған ұқсас мақсаттарда пайдаланбаңыз.
Құралды қатты заттармен соғып алудан сақтаңыз (әсіресе ауа кірісін және ауа шығысын).
Жарақат алуды немесе құрылғының дұрыс емес жұмыс істеуін болдырмау үшін ауа шығысына
немесе ауа кірісіне саусақтарды немесе заттарды салмаңыз.
KK
33

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Ac0820Ac0819Ac0850Ac0830/10