Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GBM Professional 10 Originalbetriebsanleitung Seite 93

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_DOKU-27517-003.fm Page 93 Monday, March 14, 2016 8:44 AM
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Бәрбілер үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Электр құралмен бірге жіберілген қосымша
тұтқаларды ұстаңыз. Бақылауды жоғалту зақымдарға
алып келуі мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап жұмыс істегенде
жасырылған тоқ сымдарына немесе өз желі
кабеліне тиюі мүмкін болғанда аспапты
оқшаулантырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ
өткізетін сымға тию металды аспап бөліктеріне тоқ
өткізіп тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
Bosch Power Tools
 Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері
соққыға әкелетін жоғары реакция сәттеріне дайын
болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда
тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
 Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы ағаш, метал, керамика және пластмассаны
бұрғылауға арналған. Электронды реттелетін және
оңға/солға айналатын электр құралдар бұрғылау мен
бұранда кесуге да сай.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Тез қысатын бұрғылау патроны
2 Алдыңғы гильза
3 Артқы гильза
4 Қайыс ұстағышы
5 Қосқыш/өшіргіш құлыптау пернесі
6 Қосқыш/өшіргіш
7 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы
(GBM 10 RE)
8 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
9 Қондырма бита*
10 Қондырма биталардың әмбебап ұстағышы*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Қaзақша | 93
1 609 92A 2AD | (14.3.16)

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gbm professional 10 re