Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GST 90 E Professional Originalbetriebsanleitung Seite 136

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GST 90 E Professional:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
136 | Қазақ
Реттеу тұтқышымен (7) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс басқышы сынақ
тәжірибемен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік шеті қанша нәзік және таза болуы керек болса,
тербеліс басқышын сонша кіші реттеңіз немесе
толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар
бағытында аралаған кезде максималдық тербеліспен
жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (G суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (5) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптаманы (15), аспирациялық келте құбырды (16) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (14) қиғаш кесік жасау
кезінде пайдалану мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (16) сәл төмен басып,
оны тіреу тақтасынан (5) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (15) және аспирациялық келте
құбырды (14) алып тастаңыз.
– Бұранданы (19) алты қырлы дөңбек кілтпен (4)
босатып, тіреу тақтасын (5) желілік кабельге қарай
аздап жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң
жән сол жағында 0° және 45° бұрыштарында тірелу
нүктелері бар. Тіреу тақтасын (5) шкалаға (18) сәйкес
қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын
бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады.
– Содан кейін тіреу тақтасын (5) ара дискісіне (10)
қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Бұранданы (19) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тіреу тақтасын жылжыту (G суретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (5) арқыға
жылжытуға болады.
Бұранданы (19) босатып, тіреу тақтасын (5) желілік
кабельге қарай тірелгенше жылжытыңыз.
(19) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасымен (5) аралау тек 0° еңіс
бұрышында орындалуы мүмкін. Оған қоса параллель
тіректі айналатын кескішпен (22) (керек-жарақ) және
жарылудан сақтайтын пластинамен (14) бірге
пайдалануға болмайды.
1 609 92A 862 | (05.08.2022)
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын
жоңқалардан бос сақтауға болады.
Жоңқа үрлеу жабдығын қосу: қатты жоңқа
жасалатын ағаш, пластмасса т.б. менен
жұмыс істегенде (6) өшіргішін
аспирациялық құбыр бағытында
жылжытыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын өшіру: металда
жұмыс істеуде және шаңсору қосылғанда
өшіргішіт (6) ара полотносы бағытында
жылжытыңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу/өшіру (GST 90 E)
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (2) ауыстырып-
қосқышта "І" көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2)
ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілетіндей артқа
жылжытыңыз.
Қосу/өшіру (GST 90 BE)
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2)
басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті бекіту үшін (2) оны қысып ұстап
ысырманы (1) оңға немесе солға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2)
жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (2) бұғатталған болса оны
алдымен басып сосын жіберіңіз.
Жүріс санын басқару (GST 90 BE)
Қосқышты/өшіргішті (2) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (2) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Жүріс санын алдын ала таңдау
Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелек (3) көмегімен алдын ала таңдауға немесе
жұмыс кезінде өзгертуге болады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Bosch Power Tools

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gst 90 be professional