Herunterladen Diese Seite drucken

Hilti NURON DGH 130-22 Original Bedienungsanleitung Seite 332

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Ажарлау және дөрекі ажарлау кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
▶ Тек пайдалануға рұқсат етілген абразивті аспаптарды және оларға сай қорғауыш
қаптамаларды қолданыңыз.
дәрежеде экрандалмайды және тұрақсыз жұмыс істейді.
▶ Қисық ажарлағыш дискілерді, ажарлау аймақтары қорғауыш қаптама шетінен шықпайтындай
етіп орнату керек. Қате орнатылған ажарлағыш диск қорғауыш қаптама шетінен шығып тұрса
жетерлік ретте қапталмайды.
▶ Қорғауыш қаптаманы электр құралға берік орнату керек және ешбір ең майда абразивті
бөлшек операторға тимейтіндей ең жоғары қорғау дәрежесіне реттелуі керек. Қорғауыш қап-
тама операторды сынықтардан, киімді тұтандыруы мүмкін ұшқындар сияқты ажарлау нысандарына
кездейсоқ тиюден қорғауға көмектеседі.
▶ Абразивті аспаптарды тек рұқсат етілген мақсатына сай қолдану керек. Мысалы: ажарлауды
кескіш дискінің бүйірлік бетімен орындауға тыйым салынады. Кесу дискілері материалды диск
жиегімен алуға арналған. Дискіге бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының себебіне айналуы
мүмкін.
▶ Ажарлағыш дискіні орнату үшін әрқашан зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні дұрыс қыспа
фланецті қолданыңыз. Пішіні мен өлшемі жарайтын фланецтер ажарлағыш дискіні бекітеді және
оның сыну қаупінің дәрежесін азайтады. Кесу дискілерінің қыспа фланецтері басқа ажарлағыш
дискілердің қыспа фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
▶ Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған ажарлағыш дискілерді қолданбаңыз. Өлшемі
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған ажарлағыш дискілер шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы себепті бұзылуы мүмкін.
▶ Екі рет пайдалануға болатын абразивті аспаптарды қолданған кезде әрдайым тиісті қолдану
мақсатына арналған қорғауыш қаптаманы пайдаланыңыз. Жарамсыз қорғауыш қаптаманы
пайдалансаңыз, қорғаныс жеткіліксіз болып, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
Жылтырлату кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы арнайы нұсқаулар:
▶ Жылтырлату қаптамасының бос бөлшектеріне, әсіресе бекіту бауларына жол бермеңіз. Бекіту
бауларын ораңыз немесе қысқартыңыз. Босаған, салбыраған бекіту баулары саусақтарыңызды
қысып не бұйым ішінде шатасып қалуы мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды!
▶ Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы және қорғауыш құлаққапты
киіп жүріңіз.
▶ Өнімді пайдалану барысында өзіңіз және пайдалану аймағындағы барлық адамдар жеке қорғаныс
жабдығын киіп жүруі қажет. Пайдалану әдісіне қарай ұшпа дайындама фрагменттерінен қорғай
алатын бет қорғанысын, көз қорғанысын немесе қорғаныш көзілдірікті тағыңыз. Бар болса, ұшпа
дайындама фрагменттерінен қорғай алатын қорғаныш масканы, құлақ қорғанысын, қорғаныш
қолғап пен шеберханалық алжапқышты киіп жүріңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және
күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы
мүмкін.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
326
Қазақ
Бұл электр құралға арналмаған абразивті дискілер жеткілікті
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
2359096
*2359096*

Werbung

loading