Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M LiteCom Bedienungsanleitung Seite 91

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 25
KZ
3M™ PELTOR™ LiteCom Headset
MT53H7*4400-EU
КІРІСПЕ
Құттықтаймыз және 3M™ PELTOR™ байланыс
шешімдерін таңдағаныңыз үшін рахмет! Қорғалған
байланыстың келесі құрылымына қош келдіңіз.
МАҚСАТТЫ ҚОЛДАНЫСЫ
Бұл 3M™ PELTOR™ құлаққаптары жұмысшыларды
зиянды шу деңгейлерінен қорғанысты қамтамасыз
ете отырып, пайдаланушыға бекітілген екі жақты
радиобайланыспен байланысуға мүмкіндік беруге
арналған. Барлық пайдаланушылардан берілген
пайдаланушы нұсқауларын оқу және түсіну, сондай-
ақ, осы құрылғыны пайдалана білу күтіледі.
МАҢЫЗДЫ
Пайдалану алдында осы нұсқаулардағы барлық
қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп орындаңыз. Осы
нұсқауларды келешек анықтама үшін сақтаңыз.
Қосымша ақпарат немесе сұрақтар үшін 3M
техникалық қызметтерін көрсету орталығына
хабарласыңыз (байланыс ақпараты соңғы бетте
тізімделген).
!
АБАЙЛАҢЫЗ
Осы есту протекторы қауіпті шу және басқа қатты
дыбыстар әсерін азайтуға көмектеседі. Есту
қорғанысын дұрыс пайдаланбау немесе дұрыс
тақпау жағдайында қауіпті шу әсері есту қабілетін
жоғалтуға немесе жарақатқа әкелуі мүмкін. Дұрыс
пайдалану үшін бақылаушыны, пайдаланушы
нұсқауларын қараңыз немесе 3M техникалық
қызметтерін көрсету орталығына хабарласыңыз.
Егер шу әсері (оның ішінде, оқ ату) барысында
немесе кейін есту қабілетіңіз нашарлай бастаса
немесе қоңырау не ызың естіле бастаса немесе
басқа себеппен есту мәселесі туындаса, шулы
ортадан бірден шығып, медициналық көмек алыңыз
және/немесе бақылаушыға хабарласыңыз.
Осы нұсқауларды орындамау ауыр жарақатқа
немесе өлімге себеп болуы мүмкін:
а. Музыка тыңдау немесе басқа аудио байланысы
айнала жөнінде хабардар болу және ескерту
сигналдарын есту мүмкіндігін азайтуы мүмкін.
Сергек болып, аудио дыбыс деңгейін ең төменгі
қабылданатын деңгейге реттеңіз. Ескерту
сигналдарын арнайы орындарда есту мүмкіндігі
шулы шаралар кезінде әлсіз болуы мүмкін.
ә. Жарылыстың тұтануымен байланысты қауіптерді
азайту үшін, бұл өнімді ықтимал жарылу қаупі бар
ортада пайдаланбаңыз.
Осы нұсқауларды орындамау құлаққаппен
берілген қорғанысты азайтып, есту қабілетін
жоғалтуға әкелуі мүмкін:
85
a. 3M ұйымы есту протекторларының тағу сынағын
ұсынады. Зерттеу бекіту айырмашылығына,
бекіту біліктілігіне және пайдаланушы ынтасына
байланысты көптеген пайдаланушылар бумада
көрсетілгеннен аз шу деңгейін алуы мүмкін екендігін
көрсетті.
ә. Есту протекторы дұрыс таңдалғанын,
тағылғанын, реттелгенін және сақталғанын
тексеріңіз. Осы құрылғыны дұрыс тақпау шуды
төмендету тиімділігін азайтады. Дұрыс тағу
бойынша берілген нұсқауларды қараңыз.
б. Пайдалану алдында есту протекторын тексеріңіз.
Егер зақымдалса, зақымдалмаған есту протекторын
таңдаңыз немесе шулы ортаны болдырмаңыз.
в. Қосымша қорғаныс жабдығы (мысалы, қауіпсіздік
көзілдіріктері, тыныс алу құралдары, т.б.) қажет
болса, құлаққап жастықшасы кедергісін азайту үшін
иілгіш, төмен профильді үлгілер немесе баулар
таңдаңыз. Құлаққап жастықшасының бекітпесіне
кедергі келтіретін және құлаққап қорғанысын
азайтатын барлық басқа қажетсіз заттарды
(мысалы, шаш, қалпақтар, зергерлік бұйымдар,
құлақаспаптар, гигиеналық қақпақтар, т.б.) алып
тастаңыз.
г. Бас немесе мойын жолағын бүкпеңіз немесе
пішінін өзгертпеңіз және қорғағыш құлаққаптарды
орнына күшпен бекітіңіз.
д. Құлаққаптар және жастықшалар пайдалануды
нашарлатуы мүмкін және шуыл мен кемуге қарсы
жиі аралықпен сынақтан өтіп тұрады. Жүйелі
пайдаланған кезде тұрақты қорғанысты, гигиенаны
және жайлылықты сақтау үшін құлақ жастықшалары
мен пенопласт төсегіштерді кемінде жылына екі рет
ауыстырыңыз.
е. Егер жоғарыдағы талаптар ұсталмаса, қорғағыш
құлаққаптар қорғанысына айтарлықтай зиян келеді.
EN 352 Қауіпсіздік мәлімдемелері:
• Жастықшаларға гигиеналық қақпақтардың
тағылуы құлаққаптардың акустикалық дыбыс
беруіне әсер етеді.
• Бұл өнімге нақты химиялық заттар әсер етуі
мүмкін. Қосымша ақпаратты өндірушіден таба
аласыз.
• Осы шлемге бекітілген құлаққаптардың өлшем
ауқымы үлкен. EN 352-3 стандартына сәйкес
шлемге бекітілетін құлаққаптар «орташа өлшем
ауқымы», «кіші өлшем ауқымы» немесе «үлкен
өлшем ауқымы» түрінде болады. «Орташа
өлшем ауқымы» шлемге бекітілетін құлаққаптары
тағушылардың көбісіне сәйкес келеді. «Кіші өлшем
ауқымы» немесе «үлкен өлшем ауқымы» шлемге
бекітілген құлаққаптары «орташа өлшем ауқымы»
шлемге бекітілген құлаққаптары сәйкес келмейтін
тағушыларға жасалған.
ЕСКЕРТУ
• Батарея дұрыс түрімен алмастырылмаса,
жарылыс қаупін тудырады.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Mt53h7a4400-eu

Inhaltsverzeichnis