Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GRW Professional 12 E Originalbetriebsanleitung Seite 97

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GRW Professional 12 E:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

OBJ_BUCH-1972-003.book Page 97 Monday, November 4, 2013 2:14 PM
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Құрылғы үшін қауіпсіздік техникасы бойынша
ерекше нұсқаулар
 Ешбір жарылғыш материалдарды (мысалы, оңай
тұтанатын еріткіштерді) өңдемеңіз. Электр
құралдармен жұмыс істегенде буларды тұтандыруы
мүмкін ұшқындар пайда болады.
 Ішіне қоспа тисе, желілік ашаны бірден суырыңыз
және электр құралды сервистік қызметке тексеруге
беріңіз. Электр құралға кірген қоспа жарақаттануға
себепші болуы және тоқ соғуына әкелуі мүмкін.
 Жұмыс істегенде электр құралды екі қолмен
оқшауланған тұтқаларынан ұстаңыз және сенімді
тіректі қамтамасыз етіңіз. Электр құралы екі қолмен
сенімді басқарылады. Бақылауды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Bosch Power Tools
 Алмалы-салмалы құралдар жасырылған тоқ
сымына немесе өз желі кабеліне тиюі мүмкін
болған жұмыстарды орындаған кезде құралды
айырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию
металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып
келуі мүмкін.
 Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері
соққыға әкелетін жоғары реакция сәттеріне дайын
болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда
тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
 Құрылғыны тамақ өнімдерін араластыру үшін
пайдалануға болмайды. Біздің электр құралдар және
саймандар тамақ өнімдерін өңдеуге арналмаған.
 Сымды жұмыс аймағынан алысырақ
орналастырыңыз. Сым қондырма-араластырғышта
ұсталуы мүмкін.
 Араластырғышы бар ыдыс араластыруға арналған
және тұрақты тұруы керек. Нашар бекітілген
контейнерлер бақылаусыз қозғалуы мүмкін.
 Сұйықтықтың электр құралдың корпусына
шашырамайтынына көз жеткізіңіз. Электр құралға
кірген сұйықтық зақымдалуға себеп болуы және
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
 Араластыратын материал үшін қауіпсіздік
паспортындағы (SDB) нұсқауларды және
ескертулерді орындаңыз. Араластыратын материал
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін.
 Басылып қалатын түймені қуатты өшіру кезінде
қосу/өшіруді басып босатыңыз. Осылайша электр
құралдың қажет емес іске қосылуы (жарақат алу қаупі)
болдырылмайды.
 Электр құралды қойғышта пайдаланбаңыз.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал еріткіш, лактар және баламалы заттардың
негізінде жасалмаған ерітінділер, гипс, желім, бояулар
сияқты ұнтақ тәрізді материалдарды араластыруға
арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
Қaзақша | 97
1 609 92A 0HJ | (4.11.13)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Grw professional 18-2 e

Inhaltsverzeichnis