Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch 0 607 561 118 Originalbetriebsanleitung Seite 153

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 7
OBJ_BUCH-2096-001.book Page 153 Monday, December 9, 2013 3:45 PM
Қажет болса ауа кіруінде манометрмен пнематикалық
құралды қосып қысымды өлшеңіз.
Ауа жетістіруінің пневматикалық құралға қосылуы (В
суретін қараңыз)
– Шлангтық келте құбырды 8 ауа кірісінің 7 біріктіретін
келте құбырына бұрап кіргізіңіз.
Пневматикалық құралдың ішкі клапан бөлшектерін
зақымдамау үшін, шлангтық келте құбырды 8 ауа
кірісінің 7 алдындағы біріктіретін келсе құбырына
бұрап кіргізу немесе шығару кезінде жазылма кілттімен
(кілт көлемі 22 мм) тіреңіз.
– Шланг қамыттарын 14 ауа құйылу шлангында 15
босатып ауа құйылу шлангын келте құбыр 8 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
Ескертпе: Ауа құйылу шлангын алдымен пневматикалық
құралға сосын қызмет көрсету құрылғысына қосыңыз.
Шығатын ауа жүйесі
Шығатын ауа жүйесімен шығатын ауаны шлангпен жұмыс
орнынан ары бағыттап бір уақытта оптималды дыбыс
өткізбеуге жету мүмкін. Сондай-ақ жұмыс шарттарын да
жақсартасыз, өйткені жұмыс орны майлы ауамен
ластанбайды немесе шаң мен жоңқа көтерілмейді.
Жекелей ауа шығару (0 607 561 116)
(C суретін қараңыз)
– Бәсеңдеткішті ауа шығуынан 9 шығарып, шлангтық
келте құбырымен 8 алмастырыңыз.
– Шланг қамыттарын 14 ауа шығару шлангында 16
босатып ауа шығару шлангын келте құбыр 8 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
Орталық ауа шығару (0 607 561 118)
(D суретін қараңыз)
– Ауаны жұмыс орнынан ары бағыттайтын шығатын ауа
шлангын (орталық) 17, ауа құйылу шлангы 15 үстінен
орнатыңыз. Сосын пневматикалық құралды ауа
жетісітруге қосып („Ауа жетістіруге қосылу", 152бетін
қараңыз) ауа шығуы шлангын (орталық) 17 орнатылған
ауа жетісітру үстінен құрал аяғына тартыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Тербелуді реттеу (E суретін қараңыз)
Төрт басқышты тербелу аралау жылдамдығын, аралау
өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға
лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеуші тұтқышпен 11 пайдалану кезіндегі тербелісті
реттеуге болады.
Басқыш 0
тербелусіз
Басқыш I
жай тербелу
Басқыш II
орташа тербелу
Басқыш III
қатты тербелу
Әрбір пайдаланудағы оптималды тербелу басқышын
тәжірібемен білу мүмкін. Онда төмендегі ұсыныстарға
назар аударыңыз:
Bosch Power Tools
– Аралау шеті нәзік немесе таза болуы қажет болса, жай
тербелу басқышын реттеңіз немесе тербелуді өшіріңіз.
– Жіңішке заттарды (қаңылтыр) өңдеуде тербелуді
өшіріңіз.
– Қатты заттарды (болат) жай тербелумен өңдеңіз.
– Жұмсақ материалдарды және ағашты талшығымен
аралауда максималды тербелуді пайдалану керек.
Бағыт бұрышын реттеу (F суретін қараңыз)
Тірек тақтасын 12 қисық аралауда 45° шейін оңға немесе
солға қисайту мүмкін.
– 20 бұрандасын ішкі алты қырлы кілтпен 10 босатып,
тіреу тақтасын 12 аралау полотносы 1 бағытында аздап
жылжытыңыз.
– Дәл қисаю бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасында оң
жән сол жағында 0° мен 45° бұрыштарында тірелу
нүктелері бар. Тіреу тақтасын 12 шкалаға 19 сай
керекті күйге қисайтыңыз. Басқа қисаю бұрыштарын
бұрыш өлшегіші арқылы реттеу мүмкін.
– Сосын тіреу тақтасын 12 тірелгенше қозғалтқыш
бағытында жылжытыңыз.
– Бұрандалы шегені 20 қайта бұрап қойыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина 27 қисық аралауда
орнатылуы мүмкін емес.
Тіреу тақтасын жылжыту (G суретін қараңыз)
Шетке жақын болатын аралау үшін тіреу тақтасын 12 артқа
жылжыту керек.
– 20 бұрандасын 10 ішкі алты қырлы кілтпен толық бұрап
шығарыңыз.
– Тіреу тақтасын 12 көтеріп 20 бұрандасы артқы
бұрандалы тесікке 22 бұралатын болғанша
жылжытыңыз.
– Тіреу тақтасын 12 тірелгенше орналастыру тірегі 18
бағытында басыңыз. Сосын 20 бұрандасын тартып
қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасында 12 аралау тек 0° қисаю
бұрышында мүмкін. Бұдан басқа параллельді тіреуіш
айналатын кескішпен 23 (жабдық) және жарылудан
сақтайтын пластинаны 27 пайдалану мүмкін емес.
Бағаттау тұтқасын жылжыту (H суретін қарау)
– Тым тар жерлерде оңай аралау үшін бұрау тұтқасын 5
шешу мүмкін. Ол үшін сарғылт түймешені тірелу
белгісінен өтіп төмен басыңыз да бірдей бұрау тұтқасын
жоғарыға тартыңыз.
– Бұрау тұтқасын 5 орнатудан алдын сарғылт түймешені
жоғарыға бастапқы күйге жылжытыңыз. Бұрау
тұтқасын 5 орнатып төменге естіліп тірелгенше
басыңыз.
Пайдалануға ендіру
Пневматикалық құрылғы қосылған жағдайда ауа кірісінде
өлшенген 6,3 бар (91 пси) жұмыс қысымында істейді.
Энергияны үнемдеу үшін пневматикалық құралды
пайдаланарда ғана қосыңыз.
Қосу/өшіру (0 607 561 116)
– Пневматикалық құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті
6 басып жұмыс кезінде оны басылған күйде сақтаңыз.
Қaзақша | 153
3 609 929 C73 | (9.12.13)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

0 607 561 116

Inhaltsverzeichnis