Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch AdvancedChain 36V-35-40 Originalbetriebsanleitung Seite 217

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für AdvancedChain 36V-35-40:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ
электрбұйымы жұмыс істемей тұр.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз. Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы нұсқауларын
ескеріңіз.
Басқару
Пайдалану алдынан әрқашан алдымен пайдалану
u
бойынша нұсқаулығын және қауіпсздік бойынша
нұсқауларды оқып шығыңыз.
Пайдалану алдынан әрқашан алдымен құрал және
u
шынжырдың күйін, май көлемін және құрал
бөлшектерінің дұрыс құрастырылғанын тексеріп
алыңыз. Шынжырлы араны, оңың күйі мінсіз
түрде болғанда ғана пайдаланыңыз.
Әрқашан лайықты киім мен жеке қорғаныс
u
құралдарын киіп жүріңіз.
Әрқашан жұмыс айналасының құрғақ және ешбір
u
кедергісіз болуын және құрал айналасында
жұмысқа қатысы болмаған ешбір адамдар
болмағанына көз жеткізіп жүріңіз.
Шынжырлы араны ешқашан басқышта тұрып
u
немесе иық биіктігінен жоғары ұстап қолданбаңыз.
Ешқашан арамен бірден тым құлаштап сермеу
u
арқылы әрекет етпеңіз немесе қолдарыңызды
жан-жаққа созып жұмыс істемеңіз.
Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем
u
ұстап жүріңіз.
Ара шынжыры жұмыс барысында май бүріккіші (7)
арқылы автоматты түрде ара шынжыры үшін арналған
арнайы майымен майланып отырады.
Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде шынжырлы ара
арнайы ара шынжыр майымен толтырылмаған.
Шынжырлы араны іске қосып пайдалану алдынан
міндетті түрде алдымен шынжырлар үшін арналған
маймен толтырыңыз.
Шынжырлы араның зақымдануын болдырмау үшін тек
қана биологиялық тұрғыда бөлшектеніп ажырай алатын
шынжырлы майлау заттарын (RAL-UZ48 ережелеріне
сай) пайдаланыңыз.
Bosch компаниясы арқылы осындай биологиялық
тұрғыда бөлшектеніп ажырай алатын ұсынылатын
шынжырлар майын керек-жарақтар тізімінде таба
аласыз.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз: (C суретін қараңыз)
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (19)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының (19) айналасын
шүберекпен тазалап алып, қақпағын бұрап отырып
шығарып алыңыз.
Bosch Power Tools
– Май резервуарына Bosch компаниясы арқылы ара
шынжырлары үшін шығарылған арнайы, биологиялық
тұрғыдан бөлшектеніп ажырай алатын майын, май
деңгейі май көлемін бақылау саңылауы арқылы (25)
көрілгенше дейін толтырыңыз. Жұмыс барысында май
деңгейін май көлемін бақылау саңылауы (25) арқылы
тексере отырып аласыз, май деңгейі ең төмеңгі
деңгейге жеткенде жаңа майды құйып толтырыңыз.
Қосу/Өшіру (E1 суретін қараңыз)
Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін
u
тұтқасын/құрсаулау құрылғысын (5) ➋
позициясынан ➊ позициясына, алдыңғы тұтқа
бағытына қарай тартыңыз(4). Кері соққыдан
қорғау тежеуішін белсендіру үшін тұтқасын/
құрсаулау құрылғысын (5) баспағаныңызда, кері
соққыдан қорғау тежеуіші құралды қолдану
алдынан істен шығарылмай қалып, шынжырлы ара
іске қосылмай қалатын болады.
Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін
u
тұтқасын/құрсаулау құрылғысын әр қолданудан
кейін әрқашан алға қарай итере отырып, істен
шығарылған позициясына қойыңыз.
– Шынжырдың қорғау бөлшегін (18) шығарып алыңыз.
– Шынжырлы араны E2 суретте көрсетілгендей ұстаңыз.
– Кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру үшін
тұтқасын (5) артқа қарай, алдыңғы тұтқаға қарай
тартыңыз.
– Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосуды
құрсаулау қосқышын (20) басып, одан кейін Қосу/
Өшіру (2) басып және оны әрі қарай баса тұрыңыз.
Электр бұйым іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда іске
қосуды құрсаулау қосқышын босатуыңызға болады.
– Электр құралды өшіру үшін Қосу/Өшіру қосқышын (2)
жіберіңіз.
– Құралдың кері соққы тежеуіш - шынжырлы араның
кері соққысы пайда болғанында алдыңғы қол қорғау
құралы (5) арқылы қосылатын қорғау механизмі. Ара
шынжыры дереу тоқтатылады. Осының арқасында
кері соққы арқылы пайда бола алатын
жарақаттанулардың қаупі төмендетіледі. Кері соққыға
жол бермеуге тырысыңыз.
– Кері соққыдан қорғау тежеуішінің жұмысын тексере
алу үшін кері соққыдан қорғау тежеуішін белсендіру
үшін арналған тұтқасын (5) жұмыс барысында жүйелі
түрде басыңыз. Шынжырлы ара дереу тоқтамаған
жағдайда арамен өткізіліп жатқан жұмысты дереу
тоқтатыңыз.
Назарыңызда болсын: Шынжырлы араны кері соққыға
қарсы тежеуішті (5) басу арқылы тежемеңіз.
Майлауды тексеру (E3 суретті қараңыз)
– Шынжырлы араны, оның шынжыр бағыттаушысы жер
үстінен 20 см жоғарырақ, қағаз үстінен жататындай
қылып еңкейтіңіз.
Қазақ | 217
F 016 L81 992 | (25.01.2023)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis