Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жеткізілім Жинағы - Hilti Nuron GFB 6X-22 Original Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
1
3.2
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім қолмен басқарылатын аккумуляторлық таспалы егеу болып табылады. Ол қол жеткізу
қиын болатын жерлерде металл беттерді су пайдаланбай ажарлауға және жылтыратуға арналған.
Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti компаниясы
бұл өнім үшін оңтайлы қуатқа қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың
соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.
Бұл аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде белгіленген
серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.
3.3
Ықтимал қате қолдану
Өнімді ылғалды ажарлау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Өнімді денсаулық үшін зиянды немесе тез тұтанғыш материалдарды (мысалы, асбест, магний, сүрек)
өңдеу үшін пайдалануға тыйым салынады.
3.4
Жеткізілім жинағы
Таспалы егеу, бүйірлік тұтқыш, ажарлағыш тұтқа, жұлдызшалы кілт, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-
сайттан табуға болады: www.hilti.group
3.5
Аспаптың термоқорғанысы
Қозғалтқыштың термоқорғаныс жүйесі электр энергиясының тұтынуын және қозғалтқыштың қызуын
басқарады және өнімді қызып кетуден қорғайды.
Тым жоғары басу қысымының салдарынан қозғалтқышқа шамадан артық жүктеме түскенде, өнім қуаты
айтарлықтай төмендейді, нәтижесінде өнім тоқтап қалуы мүмкін.
Шамадан артық жүктемеден өнім тұрып қалған немесе айналу жиілігі азайған жағдайда, өнімге түсетін
жүктемені азайту және оны шамамен 30 секунд ішінде бос жүріспен жұмыс істету керек.
3.6
Li­Ion аккумуляторының индикаторлары
Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторлары аккумуляторлардың заряд деңгейін, ақаулық туралы хабарларын
және күйін көрсете алады.
*2327539*
@
;
=
%
&
(
)
+
§
/
:
$
£
|
¡
Q
2327539
Эксцентриктік бұранда
Айналмалы тұтқаның бекіткіш бұрандасы
Бекітілетін негізгі сөндіргіш
Айналу жиілігін реттеу дискісі
Аккумулятордың күй индикаторы
Аккумуляторды босату түймесі
Аккумулятор
Шаң сүзгісі
Бүйірлік тұтқыш
Корпус қақпағы
Жетек ролигі
Ажарлағыш тұтқаның бекіткіш
бұрандалары
Ажарлағыш тұтқа
Ажарлағыш тұтқаның реттегіш бұрандасы
Абразивті таспа
Қыспа ролик
Шпиндель бекіткішінің түймесі
Қазақ
271

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis