Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GGS 8 SH Professional Originalbetriebsanleitung Seite 135

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GGS 8 SH Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (A суретін
қараңыз)
Қорғаныш қаптаманы (2) шпиндель мойнына орнатыңыз.
Қорғаныш қаптаманың (2) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай реттеңіз. Қорғаныш қаптаманы (2)
бекіткіш бұрандамен (9) бұғаттап, бекіткіш бұранданы
кемінде 10 Нм тарту моментімен тартыңыз.
Ажарлау құралдарын орнату (B суретін
қараңыз)
Ажарлағыш дөңгелектер кедергісіз айналуы керек.
Домалақ емес ажарлағыш дөңгелектерді пайдаланбаңыз,
оларды алмастырыңыз немесе қайрақ таспен (керек-
жарақ) түзетіңіз.
Қайрақ тастың көмегімен кез келген басқа формаларды
да ажарлағыш дөңгелектің негізгі формаларынан өңдеуге
болады. Ирек оймалы ендірмесі бар ажарлау құралдарын
пайдаланған кезде ажарлау шпинделінің (3) ұшы
ажарлау құралының саңылаулы түбіне тимейтіндігіне көз
жеткізіңіз.
– Ажарлау шпинделін (3), ажарлау шпинделіндегі (3)
саңылау және корпустағы ойықтар бір сызықта
болғанша бұраңыз. Бекіткіш штифтті (10) корпустағы
ойықтар және ажарлау шпинделінің (3) саңылауы
арқылы енгізіңіз.
– Қысқыш гайканы (1) жеткізілім жиынтығындағы екі
саңылаулы кілттің (11) көмегімен босатып, шығарып
алыңыз.
– Ажарлау шпинделін (3) және барлық орнатылатын
бөліктерді тазалаңыз.
– Ажарлағыш дөңгелекті орнатып, қысқыш гайканы (1)
екі саңылаулы кілтпен (11) тартыңыз. Ажарлағыш
дөңгелек қорғаныш қаптамада (2) еркін айналғанына
көз жеткізіңіз.
Конустық ажарлағыш дөңгелекті тек ашық
u
қорғаныш қаптамамен (2) және жарамды қысқыш
жүйемен (қысқыш гайка (1) немесе жылдам
қысқыш гайка (7) және тірек фланеці (4)) бірге
пайдаланыңыз.
Тірек фланецін алмастыру (C суретін
қараңыз)
Конустық ажарлағыш дөңгелектерді бекіту үшін тірек
фланецін (4), қысқыш гайканы (1) және ашық қорғаныш
қаптаманы (2) пайдаланыңыз.
Бұрауыштың көмегімен серіппелі тежегіш сақинаны (13)
ажарлау шпинделінің (3) ойығынан көтеріп, тірек
фланецін (4) шығарып алыңыз. Жарамды тірек фланецін
(4) тиісінше монтаждаңыз.
Жылдам қысқыш гайка
қараңыз)
Құралдарды пайдаланусыз ажарлау құралын оңай
ауыстыру үшін қысқыш гайканың (1) орнына жылдам
қысқыш гайканы (7) пайдалануға болады.
Bosch Power Tools
Жылдам қысқыш гайканы (7) қылшақпен өңдеу
u
үшін пайдалануға болмайды.
Бұзылмаған мінсіз жылдам қысқыш гайканы (7)
пайдаланыңыз.
Бұрап орнату кезінде жылдам қысқыш гайканың (7)
жазбасы бар жағы ажарлағыш дискіге қарап
тұрмағанына көз жеткізіңіз; көрсеткі индекстік
белгіге (12) қарап тұруы тиіс.
Ажарлау шпинделін (3), ажарлау шпинделіндегі (3)
саңылау және корпустағы ойықтар бір сызықта болғанша
бұраңыз. Бекіткіш штифтті (10) корпустағы ойықтар және
ажарлау шпинделінің (3) саңылауы арқылы енгізіңіз.
Жылдам қысқыш гайканы (7) мықтап тарту үшін
ажарлағыш дискіні сағат тілінің бағытымен күш салып
бұраңыз
Дұрыс бекітілген, зақымдалмаған жылдам қысқыш
гайканы жиек сақинасын сағат тілінің бағытына қарсы
қолмен бұрау арқылы босатуға болады. Ешқашан
мықтап тартылған жылдам қысқыш гайканы
қысқашпен босатпаңыз, оның орнына екі саңылаулы
кілтті (11) пайдаланыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
(D суретін
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін алдымен ажыратқышты
(6) алға итеріңіз, содан кейін оны басып тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (6) бекіту үшін ажыратқышты
(6) одан әрі алға жылжытыңыз.
Қазақ | 135
1 609 92A 7AM | (24.05.2022)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis