Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GWX 10-125 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 212

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GWX 10-125 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
212 | Қазақ
Тұрақты электроника (GWX 14-125)
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Жинау
Қорғаныш құрылғыны орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы (7)
электр құралының
патронына қорғағыш
қаптамасының кодтау
жұдырықшалары патронға
сәйкес келгенше салыңыз.
Бұғаттаудан шығару
иінтірегін (1) басып
ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы
қорғашғы қаптаманы (7)
басып, қаптамадағы
буртикті электр құралдың
фланеціне отырғызыңыз
және қорғағыш қаптаманы
шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (7) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын
шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш
қаптаманы (7) қажет күйге бұрыңыз.
Қорғаныш қаптаманы (7) әрдайым, құлыптан
u
босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы
қорғаныш қаптаманың (7) тиісті ойықтарына
кіретіндей, реттеңіз.
Қорғағыш қаптаманы (7)оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Қорғағыш қаптама(7) бұғаттаудан шығару
u
иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек!
Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес
және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
(7) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Кесу үшін әрдайым мыналарды пайдаланыңыз:
u
кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (8) немесе
ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (7)
кесуге арналған қаптамамен (11).
1 609 92A 765 | (17.03.2022)
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қорғаныш қаптама (8) ажарлауға
арналған қорғаныш қаптама (7) сияқты монтаждалады.
Металдан жасалған кесуге арналған қаптама
Металдан жасалған кесуге арналған қаптаманы (11)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (7)
монтаждаңыз (A суретін қараңыз): қапсырманы кері
қайырыңыз (➊). Қаптаманы (11) ажарлауға арналған
қорғаныш қаптамаға (7)auf енгізіңіз (➋). Қапсырманы
қорғаныш қаптамаға (7) қатты басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) қапсырмадағы
түймені басып (➊), кері қайырыңыз (➋). Қаптаманы (11)
қорғаныш қаптамадан (7) тартып алыңыз (➌).
Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама
Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды (11)
ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (7) орнатыңыз
(C суретін қараңыз). Жабын (11) қорғаныш
қаптамада (7) шерту дыбысымен және көрінетіндей
тіреледі.
Бөлшектеу үшін (D суретін қараңыз) қорғаныш
қаптамадағы (7) (➊) жабынды (11) сол немесе оң жаққа
босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋).
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары (23) бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (7) ретінде де орнатылады.
Қол қорғағышы
Резеңке ажарлау тәрелкесімен (17) немесе
u
тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/
алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін
әрдайым қол қорғанысын (16) киіп жүріңіз.
Қол қорғағышын (16) қосымша тұтқа (5) көмегімен
бекітіңіз.
Стандарты қосымша тұтқа/діріл басқыш қосымша
тұтқа
Қосымша тұтқаны (5)/(6) жұмыс тәсіліне байланысты
редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап
бекітіңіз.
Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге
u
пайдаланыңыз: (5)/(6).
Қосымша тұтқа (5)/(6) зақымдалған жағдайда,
u
электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз.
Қосымша тұтқаға (5)/(6) ешқандай өзгерістер
жасамаңыз.
Ажарлау құралдарын монтаждау және
бөлшектеу
X-LOCK алмалы-салмалы аспаптары үшін
монтаждау бойынша арнайы
нұсқауларды орындаңыз.
Діріл басқыш қосымша
тұтқа (6) дірілсіз және
жайлы әрі қауіпсіз жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gwx 14-125 professional

Inhaltsverzeichnis