Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GKF 1600 CE Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKF 1600 CE Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 10
OBJ_BUCH-1178-004.book Page 176 Wednesday, April 30, 2014 10:24 AM
176 | Қaзақша
Тереңірек кесу үшін әрқайсысының кесу тереңдігі
төменірек бірнеше өтуді орындау керек. Айналмалы тірек
12 көмегімен фрезамен өңдеу процесін бірнеше деңгейге
бөлуге болады. Айналмалы тіректің ең төмен деңгейі бар
қажет кесу тереңдігін орнатыңыз және алдымен жоғары
деңгейлердегі өңдеу операциясын таңдаңыз. Деңгейлер
арасындағы қашықтық шамамен 3,2 мм құрайды.
Тексеру жүрісінен кейін фрезерлеу тереңдігін дәл реттеу
тұтқасын 5 айналдыру арқылы фрезерлеу тереңдігін дәл
реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін
тұтқаны сағат тілімен айналдырыңыз, ал фрезерлеу
тереңдігін азайту үшін тұтқаны сағат тіліне қарсы
айналдырыңыз. Меже 6 бағдарды білу үшін қызмет етеді.
Тұтқаны бір рет айналдыру арқылы тереңдік мәнін 1,5 мм-
ге өзгертесіз, ал меженің 6 жоғарғы жиегінің біріне өту
арқылы 0,1 мм-ге өзгерте аласыз. Фрезерлеу тереңдігінің
максималды мәні: ± 16 мм.
Мысал: қалаған фрезерлеу тереңдігі 10,0 мм болуы
керек, сынақ фрезерлеу кезінде 9,6 мм тереңдігі алынды.
– 7 ендіру функциясының ажыратушы иінтірегін
басыңыз және фрезаны ең жоғарғы күйде жүргізіңіз.
– 5 тұтқасын 0,4 мм/4 сызыққа (іс жүзіндегі және
белгіленген мән арасындағы айырмашылық) сағат
тілімен бұрыңыз.
– Орнатылған тереңдікті қайталап фрезерлеу арқылы
орнатылған тереңдікті тексеріңіз.
Фреза тереңдігін дәл реттеуде ендіру блогының жанында
бар 8 индекс белгісі ойылған сызықтардың ортадағысына
көрсетуін қамтамасыз етіңіз. Осылай ендіру тереңдігін
өзгерту үшін екі жағынан жетерлік жай барлығы
қамтамасыз етіледі.
2 ендіру блогы ең аз терең деңгейде төменірек режимге
өткізсе, онда үлкен ендіру тереңдігінде дәл реттеуге жету
мүмкін емес, өйткені ең көп жылжыту пайдаланылған.
11 тереңдік шектегіші айналмалы тірекке 12 тиіп тұрса,
дәл реттеу мүмкін емес.
Көшіру блогында фрезерлеу тереңдігін реттеу
(H суретін қараңыз)
Фрезерлеу тереңдігін келесідей реттеуге болады:
– 22 көшіру блогының қысқыш тұтқышын ашыңыз.
– Фрезерлеу тереңдігін жобалы 3 басқышта алдын ала
реттеу мүмкін. Ол үшін 25 қысқыш тұтқышын басып 1
фрезерлеу қозғалтышын 3 көшіру блогында жоғарыға
немесе төменге ол 25 қысқыш тұтқасы қысылмай 3 26
тесіктердің бірінде бұғатталғанша енгізіңіз. Тесіктердің
аралығы 12,7 мм (0,5 ").
– Фрезерлеу тереңдігін реттеу үшін 24 фрезерлеу
тереңңдігін дәл реттеу тұтқасы қызмет етеді; оны сағат
тілімен бұрап фрезерлеу тереңдігін үлкейтіңіз, ал сағат
тіліне қарсы бұрап фрезерлеу тереңдігін кішірейтіңіз.
Жылжыту жолы 24 тұтқасыны шкаласында дюйм және
миллиметрде берілген. Максималды реттеу ұзындығы
41 мм. 34 фрезерлеу тереңдігінің шкаласы қосымша
бағыттауға қызмет етеді.
Мысал: қалаған фрезерлеу тереңдігі 10,0 мм болуы
керек, сынақ фрезерлеу кезінде 9,5 мм тереңдігі
алынды.
1 609 92A 0B3 | (30.4.14)
– 24 тұтқасында шкаланы "0"-ге 24 тұтқасын өзіңіз тимей
реттеңіз. Сосын 24 тұтқасын сағат тілімен "0,5" мәніне
реттеңіз.
– Орнатылған тереңдікті қайталап фрезерлеу арқылы
орнатылған тереңдікті тексеріңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Фрезамен өңдеу бағыты және өңдеу процесі (I суретін
қараңыз)
 Фрезамен өңдеу процесін әрқашан фрезаның
айналу бағытына қарсы 18 (кері қозғалыс) орындау
керек. Фрезамен өңдеу кезінде (синхронды
қозғалыс) қозғалыс бағытында машинаны қолмен
жүргізуге болады.
Ендіру блогының 2 көмегімен фрезамен өңдеу үшін келесі
әрекеттерді орындаңыз:
– Қажет ендіру тереңдігін орнатыңыз, „Кесу тереңдігін
орнату" тарауын қараңыз.
– Фрезасы орнатылған электр құралды өңделетін
бөлшекке қойыңыз және электр құралды қосыңыз.
– 7 ендіру функциясының ажыратушы иінтірегін төменге
басып жоғарғы фрезаны жай төменге реттелген
фрезерлеу тереңдігіне жеткенше жылжытыңыз. 7
ажыратушы иінтірегін басып осы ендіру тереңдігін
бекітіңіз.
– Фрезамен өңдеу процесін біркелкі алға жылжу
көмегімен орындаңыз.
– Фрезерлеу процесі біткенде тік фрезерлеу станогін
жоғарғы қалыпқа орнатыңыз.
– Электр құралды өшіріңіз.
3 көшіру блогымен фрезерлеу келесідей жүргізіледі:
– Нұсқау: 18 фрезері 3 көшіру блогымен фрезерлеу
жұмыстарында 13 негізгі плитадан шығатынын
ескеріңіз. Шаблон немесе дайындаманы
қазымдамаңыз.
– Қажет ендіру тереңдігін орнатыңыз, „Кесу тереңдігін
орнату" тарауын қараңыз.
– Электр құралын қосып өңделетін жайға апарыңыз.
– Фрезамен өңдеу процесін біркелкі алға жылжу
көмегімен орындаңыз.
– Электр құралды өшіріңіз. Фрезер тоқтмағанша электр
құралын алып қоймаңыз.
Көмекші тірекпен фрезерлеу (J суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу үшін, мысалы, фрезерлеу
кезінде тақтаны немесе планканы қосымша тірек ретінде
бекітіп, мультифункциялық фрезамен осы тірек бойымен
фрезерлеуге болады. 2 ендіру блогын пайдалануда
фультифункциялық плитаның майысқан жағымен
қосымша тірек бойымен жылжытыңыз.
Жиектерді фрезерлеу немесе профильді фрезерлеу
Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді
фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен
немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.
– Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын
немесе шарикті подшипник дайындаманың өңделетін
жиегіне тірелетіндей етіп қойыңыз.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis