Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GOF 1250 CE Professional Originalbetriebsanleitung Seite 148

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GOF 1250 CE Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 7
OBJ_BUCH-2018-004.book Page 148 Monday, February 16, 2015 1:39 PM
148 | Қaзақша
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 29 өшірілген күйге
келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Блоктан шығару білігі (C суретін қараңыз)
Блоктан шығару білігін 23 бастапқы қалпына қайтару
босатқан кезде автоматты түрде орындалады. Ең дұрыс
блоктау үшін білік 23 барынша бұралуы керек. Ұстағыш
күшті қажетінше түзетуге болады. Бұл үшін қапталдықалты
қырлы кілтті (4 мм) тұтқадағы саңылауға енгізіңіз. Бекіту
күшін арттыру үшін бекіту күшін сағат тіліне қарсы азайту
үшін кілтті сағат тілімен бұраңыз.
Кесу тереңдігін орнату (D мен E суреттерін
қараңыз)
 Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы
өшірулі кезде орындау керек.
Фрезерлеу тереңдігін жобалы реттеуге келесідей өтуге
болады:
– Фрезасы орнатылған электр құралды өңделетін
бөлшекке қойыңыз.
– Айналатын тұтқа 25 көмегімен ортасынан дәл реттеу
жүрісін бекітіңіз. Тұтқаны 25 суретте көрсетілгендей
белгілерге 19 дейін бұраңыз. Бұдан кейін шкаланы 24
„0" күйіне бұраңыз.
19
– Сатылы тіректі 9 ең төменгі деңгейге орнатыңыз;
сатылы тірек қыстырғыға айтарлықтай кіреді.
– Винтті 15 тереңдік шектегіште 14 тереңдік шектегіш 14
еркін жылжи алатындай етіп босатыңыз.
– Блоктан шығару білігін 23 артқа итеріп, фреза 5 бөлшек
бетіне тигенше фрезерлік машинаны төмен жүргізіңіз.
Қалыпты бекіту үшін блоктан шығару білігін 23
босатыңыз.
– Блоктан шығару білігі 14 сатылы тірекке 9 түсуі үшін
оны төмен басыңыз.
GOF 1250 LCE: тереңдіктің сандық баптауын қосқыш/
сөндіргіш 18 арқылы қосыңыз. 16 түймесін басып
тереңдік шектегішті 14 нөл күйіне орнатыңыз.
GOF 1250 CE: индекстік белгісі 27 бар ысырманы
фрезерлеу шкаласында 26 „0" мәніне қойыңыз.
– Тереңдік шектегішті 14 қалаған мәнге қойыңыз да,
винтті 15 тереңдік шектегіште 14 тартыңыз.
GOF 1250 CE: индекстік белгісі 27 бар ысырманың
орнын бұдан әрі ауыстырмауға назар аударыңыз.
– Блоктан шығару білігін 23 басып, машинаны жоғарғы
қалыпқы келтіріңіз.
1 609 92A 16H | (16.2.15)
Тереңірек кесу үшін әрқайсысының кесу тереңдігі
төменірек бірнеше өтуді орындау керек. Сатылы тірек 9
көмегімен фрезерлеу процесін бірнеше сатыға бөлуге
болады. Бұл үшін фрезерлеу тереңдігін сатылы тіректің ең
төменгі сатысымен орнатып, бірінші жұмыс өтпелері үшін
жоғары сатылар таңдаңыз. Сатылар арасындағы
қашықтықты баптауға арналған винттерді 10 айналдыру
арқылы өзгертуге болады.
Тексеру жүрісінен кейін фрезерлеу тереңдігін дәл реттеу
тұтқасын 25 айналдыру арқылы фрезерлеу тереңдігін дәл
реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін
тұтқаны сағат тілімен айналдырыңыз, ал фрезерлеу
тереңдігін азайту үшін тұтқаны сағат тіліне қарсы
айналдырыңыз. Шкала 24 бағдарды білу үшін қызмет
етеді. Тұтқаны бір рет айналдыру арқылы тереңдік мәнін
2,0 мм-ге өзгертесіз, ал шкаланың 24 жоғарғы жиегінің
біріне өту арқылы 0,1 мм-ге өзгерте аласыз. Фрезерлеу
тереңдігінің максималды мәні: ± 8 мм.
Мысал: қалаған фрезерлеу тереңдігі 10,0 мм болуы
керек, сынақ фрезерлеу кезінде 9,6 мм тереңдігі алынды.
– Шкаланы 24 „0" мәніне бұрыңыз.
– Тұтқаны 25 0,4 мм/4 бөлікке (іс жүзіндегі және
белгіленген мән арасындағы айырмашылық) сағат
тілімен бұрыңыз.
– Орнатылған тереңдікті қайталап фрезерлеу арқылы
орнатылған тереңдікті тексеріңіз.
GOF 1250 CE: фрезерлеу тереңдігін 27 тереңдік
шектегішінде 14 орнатқаннан кейін индекстік белгісі бар
ысырманының қалпын өзгертпеңіз, сонда шкаладағы
ағымдағы тереңдікті 26 анықтай аласыз.
GOF 1250 LCE: ағымдағы фрезерлеу тереңдігі дисплейде
21 көрсетіледі.
Пайдалану нұсқаулары
 Фрезаларды соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Фрезамен өңдеу бағыты және өңдеу процесі
(F суретін қараңыз)
 Фрезамен өңдеу процесін әрқашан фрезаның
айналу бағытына қарсы 5 (кері қозғалыс) орындау
керек. Фрезамен өңдеу кезінде (синхронды
қозғалыс) қозғалыс бағытында машинаны қолмен
жүргізуге болады.
– Қажет ендіру тереңдігін орнатыңыз, „Кесу тереңдігін
орнату" тарауын қараңыз.
– Фрезасы орнатылған электр құралды өңделетін
бөлшекке қойыңыз және электр құралды қосыңыз.
– Блоктан шығару білігін 23 артқа басыңыз және
белгіленген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше,
фрезерлеу машинасын баяу төмен жылжытыңыз.
Ажыратушы иінтіректі 23 басып осы ендіру тереңдігін
бекітіңіз.
– Фрезамен өңдеу процесін біркелкі алға жылжу
көмегімен орындаңыз.
– Фрезерлеу процесі біткенде тік фрезерлеу станогін
жоғарғы қалыпқа орнатыңыз.
– Электр құралды өшіріңіз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gof 1250 lce professional

Inhaltsverzeichnis