Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita DMP181 Betriebsanleitung Seite 266

Akku kompressor
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DMP181:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 21
Электрлік құралды сыртта пайдаланғанда,
5.
сыртта қолдануға жарамды ұзартқышты
қолданыңыз. Сыртта қолдануға жарамды
шнурды пайдалану ток соғу қаупін азайтады.
Егер электрлік құралды ылғалды жерде
6.
пайдалану керек болса, қорғаныстық
ажырату құрылғысын (RCD) пайдаланыңыз.
Қорғаныстық ажырату құрылғысын пайдалану
ток соғу қаупін азайтады.
Электрлік құралдар электрмагниттік өрістер
7.
шығарады, ол пайдаланушыға қауіпті
емес. Дегенмен электрокардиостимулятор
және соған ұқсас басқа медициналық
құрылғылардың пайдаланушылары электрлік
құралды пайдаланбас бұрын, өндірушімен
және/немесе дәрігермен кеңесуі керек.
Жеке қауіпсіздік
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
1.
жасап жатқан жұмысыңызға қырағылық
танытып, мұқият болыңыз. Шаршағанда
немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі-
дәрмектің әсерінде болған кезде электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Электрлік құралды
пайдалану кезінде сәл ғана аңсыздық таныту
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
2.
Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін
тағыңыз. Шаңнан қорғайтын маска,
сырғанамайтын қорғаныс аяқ киімі, каска
немесе құлаққап сияқты қорғаныс жабдықтарын
тиісті жағдайларда қолдану жарақаттануды
азайтады.
Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
3.
Құралды қуат көзіне және/немесе
аккумулятор блогына қоспас бұрын, оны
жинап немесе тасымалдамас бұрын,
ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне
көз жеткізіңіз. Саусақ электрлік құралдың
ауыстырып-қосқышында тұрған кезде оны
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы
қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.
Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш
4.
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып
тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы
бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын
кілт бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.
Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым
5.
тұрақты және тепе-теңдік сақтайтын күйде
болыңыз. Бұл күтпеген жағдайда электрлік
құралды жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз
6.
және әшекей тақпаңыз. Шашыңызды және
киіміңізді қозғалмалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Бос киім, әшекейлер немесе ұзын
шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы
мүмкін.
Шаң тұту және жинау құрылғылары
7.
қамтамасыз етілген болса, олардың
қосулы екендігіне және дұрыс қолданылып
жатқанына көз жеткізіңіз. Шаң жинау
құрылғысын пайдалану шаңмен байланысты
қауіпті азайтуы мүмкін.
Құралды жиі пайдалану нәтижесінде
8.
босаңсып, қауіпсіздік қағидаларын елеусіз
қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте
ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Электрлік құралды пайдаланған кезде
9.
көзіңізді жарақаттап алмау үшін міндетті
түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.
Қорғаныс көзілдіріктері АҚШ-та ANSI Z87.1,
Еуропада EN 166 немесе Австралияда/
Жаңа Зеландияда AS/NZS 1336 қауіпсіздік
стандарттарымен сәйкес келуі керек.
Австралияда/Жаңа Зеландияда бетіңізді
қорғау үшін қорғаныс маскасын кию заң
негізінде талап етіледі.
Құрал пайдаланушылары мен жұмыс
аймағындағы басқа да тұлғалардың
тиісті қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс
берушінің жауапкершілігінде.
Электрлік құралды пайдалану және күтім жасау
Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
1.
Орындалатын жұмысқа сәйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы және қауіпсіз істейді.
Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
2.
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы ақаулы кез келген электрлік құрал
қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.
Кез келген реттеулер жасамас бұрын,
3.
керек-жарақтарды ауыстырмас бұрын
немесе электрлік құралдарды ұзақ уақытқа
сақтамас бұрын, ашаны қуат көзінен
ажыратыңыз және/немесе аккумулятор
блогы бар болса, оны шығарып алыңыз.
Осындай алдын алу шаралары электрлік
құралдың кездейсоқ іске қосылу қаупін
азайтады.
Электрлік құралдарды балалардың қолы
4.
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы оқытудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
266 ҚАЗАҚША

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Dmp180z

Inhaltsverzeichnis