Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PFS 1000 Originalbetriebsanleitung Seite 198

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PFS 1000:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
198 | Қазақ
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Ауа сүзгісін тазалау (J суретін қараңыз)
Ауа сүзгісін (29) мерзімді түрде тазалау керек. Егер ауа
сүзгісі қатты ластанған болса, оны алмастыру қажет.
– Ауа сүзгісінің қаптамасын (26) ашыңыз.
– Ауа сүзгісін (29) шығарып алыңыз.
– Жеңіл ластану:
Ауа сүзгісін (29) сілкіңіз.
немесе
Қатты ластану:
Ауа сүзгісін (29) ағынды су астында тазалаңыз және
содан кейін зең басудың алдын алу үшін оны жақсылап
кептіріңіз.
немесе
Ауа сүзгісін (29) ауыстырыңыз.
– Ауа сүзгісін қайта орнатыңыз.
– Ауа сүзгісінің қаптамасын (26) қайтадан жауып
қойыңыз.
Майда бүріккіш жүйені ешқашан ауа сүзгісінсіз
u
пайдаланбаңыз. Кір бөліктері қозғалтқыш бөлімінде
жиналып, оған зақым келтіре алады.
Су негізіндегі бояуларды пайдаланғаннан кейін
тазалау (K суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының
контейнерін әрдайым жылы сумен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш
жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.
– Негізгі блокты (22) өшіріп, ауа шлангісін (20) бүріккіш
пистолеттен (1)шығарыңыз.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (13) астында
ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы
үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (6)
басыңыз.
– Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз
жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол
үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (8)
немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін
қолданыңыз.
– Контейнерді (7) тазалаңыз.
1 609 92A 687 | (16.09.2021)
– Көтергіш құбырды (13) контейнер
тығыздауышымен (17) бірге бөлшектеп, жақсылап
шайыңыз.
Көтергіш құбырды (13) контейнер
тығыздауышымен (17) бірге бүріккіш пистолетке
қайтадан бекітіңіз.
– Контейнерді (7) жылы сумен толтырып, бүріккіш
пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
– Ауа шлангісін (20) бүріккіш пистолетке (1)қайтадан
жалғаңыз.
– Таза су ғана шыққанша бүркіңіз. Қажет болса,
контейнерді жылы сумен қайтадан толтырыңыз.
– Ауа шлангісін (20) негізгі блоктан (22) да, бүріккіш
пистолеттен (1)де шығарып алыңыз.
– Қажет болса, негізгі блокты ылғалды шүберекпен
тазалап, содан кейін негізгі блокты (22) және ауа
шлангісін (20) тікелей тазалау аймағынан алып
тастаңыз.
– Жаппа гайканы (3), ауа қақпағын (2), тығыздауыш
шайбаны (12), пайдаланылатын саптама қалпағын
(10)/(9) тығыздауыш сақинасымен (11) бірге және
көтергіш құбырды (13) контейнер тығыздауышымен
(17) бірге бөлшектеңіз.
Бұл ретте тығыздауыш сақина (11) саптама
қалпағында қалғанына көз жеткізіңіз.
– Жылы су құйылған шелекте барлық бояу өткізетін
бөлшектерді әдеттегі шаю қылшағымен тазалаңыз.
Сондай-ақ бүріккіш пистолеттің (1)бояу каналын (19)
тазалаңыз.
– Көтергіш құбырда (13) контейнер тығыздауышымен
(17) бірге бүрку материалының жоқтығына және
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса, контейнер тығыздауышын (17) жылы
сумен тағы бір рет тазалаңыз.
– Желдету саңылауын (18) жарамды затпен тазалаңыз.
– PFS 2000: қажет болса, толтыру торын (14) жылы
сумен мұқият тазалаңыз.
– Контейнерді (7) және бүріккіш пистолетті
(1)сыртынан суланған шүберекпен тазалаңыз.
– Құрастырудан бұрын барлық бөліктерді жақсылап
кептіріңіз.
– Майда бүріккіш жүйені кері реттілікпен қайтадан
монтаждаңыз.
Контейнер тығыздауышын (17) көтергіш
құбырдың (13) ойығына қайтадан жоғары қарай
жылжытыңыз.
Бүріккіш пистолетті тиісінше тығыздау үшін контейнер
тығыздауышы көтергіш құбыр ойығының айналысында
дәл орналастырылғанын қамтамасыз етіңіз.
Көтергіш құбырды (13) міндетті түрде бояу
каналының (19) үстіне тірелгенше қайта жылжытыңыз.
Еріткіш негізіндегі бояуларды пайдаланғаннан кейін
тазалау (K суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының
контейнерін әрдайым пайдаланылған бүрку материалына
арналған тиісті сұйылтқышпен тазалаңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Pfs 2000

Inhaltsverzeichnis