Қазақстан
Құрылғыны пайдаланудың алдында осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығып,
болашақта пайдалану мақсатында сақтап
қойыңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін
азайту үшін бұл құрылғыны
жаңбырдың астында немесе
ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін
құрылғының корпусын ашпаңыз.
Жөндеу жұмыстарын білікті
мамандар ғана орындауы тиіс.
АБАЙЛАҢЫЗ
• Батарея дұрыс ауыстырылмаған
жағдайда жарылыс қаупі бар. Тек
өндіруші ұсынған немесе баламалы
түрдегі батареяларға ауыстырыңыз.
• Батареяны немесе өнімді
утилизациялағанда, тиісті аумақтың
немесе елдің заңдарын сақтау қажетсіз.
Батареяны немесе өнімді отта, қысқа
толқынды пеште немесе механикалық
түрде езу не кесу арқылы
утилизацияламаңыз. Ол жарылысқа
немесе өртке əкелуі мүмкін. Батареяны
ауа қысымы өте төмен жерге қоймаңыз,
себебі жарылуға немесе оңай тұтанатын
сұйықтықтың не газдың шығуына əкелуі
мүмкін.
• Батареяны температурасы жоғары
орынға, мысалы, тікелей түсетін күн
сəулесіне, отқа жақын қоймаңыз. Ол
тұтануға, жарылуға немесе өртке əкелуі
мүмкін. Батареяны суға немесе теңіз
суына батырмаңыз немесе жумаңыз.
Бұл ток соғуға əкелуі мүмкін.
Бұл жабдықты балалар болуы мүмкін
орындарда пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ
Құлақтықтан жəне құлақаспаптан артық
дыбыс қысымының түсуі есту қабілетін
зақымдауы мүмкін.
Бұл өнімді қауіпсіз пайдалану үшін артық
дыбыс қысымы деңгейінде ұзақ уақыт
бойы тыңдамаңыз.
Батареяларға күн сəулесі, өрт немесе сол
сияқты артық жылу əсер етпеуі керек.
88
Қатты жадты камкордер
Өндіруші: Сони Корпорейшн
Өндіруші мекенжайы: 1-7-1 Конан Минато-
ку Токио, 108-0075 Жапония
Құрама Корольдікте немесе Жапонияда
жасалған. Дəл өндіру елін өнім
жапсырмасында табуға болады.
Кеден одағы жеріндегі шетелден əкелуші
«Сони Электроникс»
АҚ, Ресей, 123103, Мəскеу,
Карамышевский өтпе көшесі, 6
PXW-X400/PXW-X400KC/PXW-X400KF —
2/3 дюймдік түрімен «Exmor» Full HD
CMOS жабдықталған бейнекамера.
Өндірілген жылы: өнімдегі дисплейде
немесе қорапта қараңыз.
Мысалы: (2013-01)
2013: жылды көрсетеді
01: айды көрсетеді
АБАЙЛАҢЫЗ
• Қауіпсіздік үшін коннекторды желі коннекторына
артық кернеу салмағын түсіретін қосымша
құрылғының кабелін жалғамаңыз. Коннекторды
пайдалану нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғының LAN кабелі қосымша құрылғыға
жалғанған кезде радиоактивті кедергілердің алдын
алу үшін қорғалған кабельдерді пайдаланыңыз.
Сақтау шарттары:
Орамдалған күйде, қышқылдар мен
сілтілер сақталатын орындардан
оқшауланған, қараңғы, құрғақ, таза,
желдетілетін бөлмелерде сақтау керек.
−20°C - +60°C температурада жəне
конденсат түзілмейтін<80% аспайтын
салыстырмалы ылғалдылықта сақтау
керек.
Түпнұсқалық орамда тасымалдау керек,
тасымалдау кезінде лақтыруға болмайды,
құлаудан, соққылардан қорғау керек,
шектен тыс дірілге ұшыратпау керек.