Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GSR 18V-85 C Originalbetriebsanleitung Seite 151

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-2883-001.book Page 151 Tuesday, July 26, 2016 3:35 PM
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 16 ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды 11 разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Айналу бағытын орнату (B суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 16
көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 17 басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: Pеверсивті ауыстырып-қосқышты 16
екі жаққа орнында тірелгенше жылжытыңыз
Солға айналу: Pеверсивті ауыстырып-қосқышты 16
екі жаққа орнында тірелгенше жылжытыңыз
Пайдалану түрін орнату
Бұрғылау
Жұмыс түрлерін ауыстырып-қосқышты 8
"Бұрғылау" белгісіне реттеңіз.
Бұранданы бұрау
Жұмыс түрлері ауыстырып-қосқышын 8
"Бұрау" белгісіне реттеңіз.
Перфоратормен жұмыс істеу
(GSB 18V-85 C)
Жұмыс түрлері ауыстырып-қосқышын 8
"перфораторлық бұрғылау" белгісіне реттеңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 17 басып
тұрыңыз.
Жарық диоды 14 косқыш/өшіргішті 17 жартылай немесе
толық басылғанда жанып жетерлік жарықтық жағдайында
бұрап кіргізу жайын жарықтандырады.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 17 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 17 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Айналдыру моментін орнату (Бұрамалар жұмыс түрі
үшін жарамды)
Айналдыру моментін орнату сақинасының 7 көмегімен
25 деңгей ішінен қажет айналдыру моментін таңдауға
болады. Реттелген бұрау моменті жетілгенде электр
құралы тоқтайды.
Bosch Power Tools
Берілістің механикалы таңдалуы
 Беріліс ауыстырып-қосқышын 9 тек электр құралы
тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
1-жылдамдық
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрлерімен
жұмыс істеу үшін.
2-жылдамдық
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
бұрғылау үшін.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген
аккумулятор температурасы аралығы өтілсе өнімділігі
қысқарады немесе электр құралы өшеді. Электр құралы
аккумулятор рұқсат етілген жұмыс температурасына
жеткеннен соң толық өнімділікпен жұмыс істейді.
Температураға байланысты артық жүктелу қорғанысы
жарық диодтың 14 қызыл түсте электр құралында жануы
.
арқылы көрсетіледі. Рұқсат етілген температура аймағына
қайта жету үшін басқыш таңдағышын 9 1-басқышқа
.
өткізіп, электр құралын бос жүрісте пайдаланыңыз немесе
жарық диод 14 өшкенше күтіңіз. Жарық диодтың 14
өшкені, құрылғының ұйғарынды аккумулятор
температурасы аймағына жеткенін көрсетеді.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Жылдам өшіру
Жылдам өшіру электр құралының дұрыс басқарылуына
мүмкіндік береді. Кездейсоқ және күтілмеген ретте электр
құралы бұрғы айналасында айналса электр құралы өшеді.
Жылдам өшіру электр құралында жарық диод
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
 Жылдам өшу тек электр құралдын максималды
жұмыстық айналымдар санымен жұмыс істеп
бұрғылау машинасының осінде еркін айналғанда
ғана жұмыс істеуі мүмкін. Ол үшін сәйкес күйді
таңдаңыз. Әйтпесе жылдам өшіру қосылмайды.
Қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті жіберіп қайта
пайдаланыңыз.
Байланыс функциялары
Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 (керек-жарақ)
байланысты төмендегі байланыс функциялары электр
құралы үшін қолжетімді болады:
– Тіркеу және даралау
– Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
– Жалпы мәліметтер мен параметрлер
– Басқару
Bluetooth® Low Energy Module GCY 30-4 туралы мәлімет
алу үшін жинақтағы пайдалану нұқсаулығын оқыңыз.
Қазақша | 151
1 609 92A 2SK | (26.7.16)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gsb 18v-85 c

Inhaltsverzeichnis