Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Kärcher BC 18 V 0,5 A Bedienungsanleitung Seite 69

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш пайдаланбас
бұрын, бастапқы пайдалану
нұсқауларын, аккумулятор
жинағымен жəне құрылғымен бірге
келген қауіпсіздік туралы нұсқаулықты жəне
бастапқы пайдалану нұсқауларын оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
ҚАУІП
● Жарылыс қаупі. Қайта
зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз.
● Зарядтағыш құрылғыны тек рұқсат етілген
аккумуляторларды зарядтау үшін қолданыңыз.
● Əрбір іске қосу алдында зарядтау құрылғысының,
байланыстырғыш сымның жəне аккумулятор
ұстағышының зақымдалмағанын тексеріңіз.
Зақымдалған құрылғыларды қолданбаңыз.
Зақымдалған болса, құрылғыны ауыстырыңыз.
● Зақымдалған немесе толық жұмыс істемейтін
аккумулятор жинақтарын зарядтамаңыз.
Зақымдалған немесе жұмыс істемейтін
аккумулятор жинақтарын тасымалдау жəне
утилизациялау туралы қолданыстағы ережелерге
сəйкес дереу утилизациялаңыз. ● Зарядтау
құрылғысын жарылғыш ортада немесе жанғыш
заттардың жанында пайдаланбаңыз. ● Құрылғыны
суға батырмаңыз жəне ағынды судың астында
ұстамаңыз. ● Аккумулятор жинағын қараусыз
зарядтамаңыз. Зарядтау процесінде аккумулятор
жинағы мен зарядтау құрылғысының күйін үнемі
тексеріп отырыңыз. ● Егер зарядтау кезінде
ақаулық, əдеттегіден тыс иіс немесе жылу
бөлінуін байқасаңыз, зарядтау құрылғысын электр
желісінен, ал аккумулятор жинағын зарядтау
құрылғысынан ажыратыңыз. Аккумулятор жинағы
мен зарядтау құрылғысын дереу утилизациялаңыз
жəне тасымалдау жəне утилизациялау туралы
қолданыстағы ережелерді сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ
● Кернеудің зарядтау
құрылғысының техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген кернеуіне
сəйкестігін тексеріңіз. ● Байланыстырғыш сымын
жылудан, өткір жиектен, майдан жəне
жылжымалы бөлшектерден қорғаңыз. ● Зарядтау
құрылғысын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстары тек
білікті қызметкерлермен орындалады.
● Зарядтағышты тазаламас бұрын немесе кез-
келген пайдаланушыға техникалық қызмет
көрсетуді жүзеге асырудан бұрын ашаны
розеткадан суырыңыз. ● Физикалық, сезгіштік
немес ақыл-ой қабілеті нашарлаған не тəжірибесі
мен біліктілігі жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалануға қатысты олардың
қауіпсіздігіне жауапты тұлға нұсқаулық берсе жəне
олар нəтижесінде пайда болуы ықтимал
қауіптерді түсінген, құрылғы тиісті түрде
бақыланған жағдайда ғана пайдалана алады.
● Балалардың құрылғымен ойнауына рұқсат
етпеңіз. ● Балаларды бұйыммен ойнамайтындай
етіп қадағалап тұрыңыз. ● 8 жастан үлкен
балалар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға
нұсқаулық берсе немесе құрылғы тиісті түрде
бақыланған жəне құрылғыны пайдаланудан
туындайтын қауіптерді түсінген жағдайда ғана
құрылғыны пайдалана алады. ● Балалар тазалау
жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
тек біреудің бақылауында орындай алады.
АБАЙЛАҢЫЗ
розеткасы бар ұзартқыш кабельдерде басқа
құрылғылармен қолдануға тыйым салынады.
● Зарядтау құрылғысын розеткадан
байланыстырғыш сымынан тартып шығармаңыз.
● Зарядтағышты дымқыл немесе кір күйінде
қолданбаңыз. ● Аккумулятор жинағын дымқыл
немесе лас күйінде зарядтау құрылғысының
аккумулятор батареясына салмаңыз. ● Зарядтау
құрылғысын шаңды ортада қолданбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
қаупі. Аккумулятор батареясының металл
бөлшектермен жанасуынан қорғаңыз. ● Зарядтау
құрылғысын жұмыс кезінде пайдаланбаңыз.
● Зарядтау құрылғысын байланыстырғыш сым
арқылы алып жүрмеңіз. ● Зарядтау құрылғысын
ылғалдылығы төмен құрғақ, жабық бөлмелерде
ғана қолданыңыз.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Мақсатына сəйкес қолдану
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарылыс қаупі!
Аккумулятор жинағының жарылуы салдарынан
жарақат алу жəне зақымдану.
Ақаулы немесе толық жұмыс істемейтін
аккумулятор жинақтарын зарядтамаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген өзгерістер мен
модификациялауға тыйым салынады.
Мақсаты бойынша пайдаланбауға рұқсат
берілмейді. Пайдаланушы дұрыс пайдаланбау
салдарынан болатын қауіп-қатерлерге жауапты.
Тек KÄRCHER батарея қуаты / батарея қуаты+
жүйелерінің аккумулятор жинақтарын зарядтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зарядтау құрылғысын тек бір кернеу түріндегі
(18 В / 36 В) аккумулятор жинақтарымен бірге
пайдалануға болады! Басқа кернеу түріндегі
аккумулятор жинағын зарядтамаңыз.
Қолданар алдында аккумулятор жинағы мен
құрылғының кернеу түрі (18 В / 36 В) сəйкес
келетіндігін тексеріңіз.
Кернеу туралы ақпаратты құрылғыдан, аккумулятор
жинағынан жəне оның тақтайшасынан табуға
болады.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Қазақша
● Құрылғыны бірнеше
● Қысқа тұйықталу
69

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Bc 36 v 0,5 a

Inhaltsverzeichnis