Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Canon SELPHY SQUARE QX10 Handbuch: Erste Schritte Seite 468

Compact photo printer
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 169
Смартфон экранындағы кескін түстері басып шығарылатын
кескін түстерінен өзгеше болады.
Түстердің көрінісі смартфон экрандарында жəне басып шығарған
кезде əртүрлі болады. Түстер экран қаралатын ортаға (жарық түсі
мен қарқыны) жəне экран түстерінің баптауларына байланысты да
əртүрлі болады.
Басып шығаруға уақыт керек.
Принтер белгілі бір температураға жеткенде немесе одан асқанда,
басып шығару процесі кідіртіледі. Бұл — ақаулық емес. Қайтадан
басып шығару алдында сəл күтіңіз немесе қуатты өшіріп, принтердің
суығанын күтіңіз.
Үзбей басып шығару кезінде, қоршаған орта температурасы жоғары
болғанда жəне принтердің ішкі бөлігі қызып кеткенде, басып шығару
кейде кідіртіледі, сондықтан басып шығару үшін əдеттегіден көбірек
уақыт қажет болады.
Басып шығару кідірістерінің саны басып шығару параметрлеріне
қарай артуы мүмкін.
Басып шығару процесін тоқтату мүмкін емес.
Басып шығару процесі жарты жолда тоқтатылса да, ол жалғасып,
соңына дейін орындалады.
Бірнеше парақты басып шығару кезіндегі процесс жарты жолда
тоқтатылған жағдайда, басылып жатқан парақ шығарылғаннан кейін,
басып шығару процесі тоқтайды.
Қағаз
Қағаз дұрыс шығарылмайды немесе жиі тұрып қалады.
Қағаздың дұрыс салынғанын тексеріңіз. (= 7)
Қағаздың мыжылмағанын немесе бүктелмегенін жəне бетіне бұрын
ештеңе басылмағанын тексеріңіз.
11 немесе одан көп парақтың салынбағанын тексеріңіз.
Көрсетілген қағаздан басқа қағаздың пайдаланылмағанын тексеріңіз.
(= 3)
Парақтардың көрсетілген саны басылып шықпайды немесе
қағаз қалып қояды.
Кассетадағы сия таусылған жағдайда, қағаз қалып қоюы мүмкін.
14

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis