Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Moulinex DJ905 Fresh Express Cube & Stick Bedienungsanleitung Seite 59

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Назар аударыңыз: LS-123456 қауіпсіздік нұсқаулығы құрылғымен
KK
бірге жабдықталған. Қауіпсіздігіңіз үшін, құрылғыны бірінші рет
қолданғанда жабдықталған нұсқаулықты мұқият оқып, ыңғайлы
жерге сақтап қойыңыз.
СИПАТТАМАСЫ
A - Мотор блогы
B - Алынбалы қорғағыш науа (мөлдір түсті)
B1 - Жинағыш
С - Қақпағы
C1 - Қосу/Өшіру батырмасы
C2 - Өңеш
D – Итергіш
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
• Қосымша жабдықтарын (жүздері, қақпағы, итергіші, алынбалы қорғаушы науасын)
сабынды сумен жуыңыз. Шайып, мұқият құрғатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: жүздері өте өткір, ұстағанда абайлап ұстаңыз және әрқашан пластик
бөлігінен ұстаңыз (1-сур).
ҚОЛДАНУ
• Алынбалы қорғағыш науаны (мөлдір түсті) құралдың үстіне қойыңыз (2-сур). Қорғағыш науа
құралды ластанудан қорғайды және жууды жеңілдетеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: өнім бұл жабдықсыз жұмыс істемейді.
• Қолдануға қажетті жүзін таңдаңыз. Құрал қолданылатын жүздің жылдамдығын автоматты түрде
реттейді. - Жәй жүздерін (E1, E2, E3) қолданғанда, жүзді қорғағыш науаның үстіне қойып, құлақшасын
өнімінің артына қаратып орналастырыңыз (3.a сур).
- Торлы жүздерді (E4, E5*) қолданғанда, торларын орнына салып, жүздің құлақшасын өнімнің артына
қаратып салыңыз (3.b сур).
• Қақпағын құралдың үстіне салып, алға қарай итеріп бекітіңіз (4-сур).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қақпағы дұрыс жабылмаса, құрал жұмыс істемейді.
• Құралды қосып, шұңғыл аяқты қойыңыз (5-сур).
• Қосу/өшіру батырмасын басыңыз (5-сур).
• Тамақты қақпағының өңешіне салып (5-сур), итергішті қолданып жылжытыңыз (6-сур).
• Жүзін ауыстыру үшін, қақпағын артқа қарай итеріп босатыңыз да, жүзін алыңыз (7-сур), жүздерін
әр қолданыстан кейін жууға нұсқаулық беріледі.
• Құралды қосу/өшіру батырмасы бар (C1). Құралды үздіксіз қолдану үшін, батырманы басып тұру
қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: құралдың алдыңғы жағында орналасқан жинағышы толып қалғанда,
құралдың жұмысын жеңілдету үшін оны босату қажет (8-сур).
• Төртбұрыштап (E4) немесе ұзыншақтап (E5*) турайтын жүздерді мәсуекпен (F) тазалап, торларындағы
тағам қалдықтарын алу керек (9-сур).
E - Жүздері
E1 - Жұқалап турайтын жүзі (жасыл)
E2 - Ұсақтап үгетін жүзі (қызыл-сары)
E3 - Ірілеп үгетін жүзі (қызыл)
E4 - Төртбұрыштап турайтын жүзі (сұр)
E5* - Таяқшалар/ұзыншақтап турайтын жүзі (сары)
F - Жууға арналған мәсуек
G - Жүздері/мәсуекке арналған себет
* Үлгісіне байланысты
54

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis